«Түрмеге қаматамын»: сотта куәгер Гүлмира Сатыбалдының қоқан-лоқы көрсеткенін айтты

12.07.2024, 11:16
862
«Түрмеге қаматамын»: сотта куәгер Гүлмира Сатыбалдының қоқан-лоқы көрсеткенін айтты nur.kz

Гүлмира Сатыбалды қол астындағы қызметкерді қорқытып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесінде тағы бір куәгер жауап берді. Ол сотта айыпталушының қоқан-лоқы көрсеткенін айтты. Бұл туралы сот залынан KAZ.NUR.KZ жазды. 

Куәгер Жақсылық Қалиев екі жылдай "Ария Жаңа Астана" ЖШС (құрылтайшылары Гүлмира Сатыбалды мен Абай Жүнісов болған Baur Kazakhstan АҚ құрамындағы – ред. ескертпесі) астаналық филиалының директоры болып жұмыс істеген. Оның сөзінше, 2019 жылдың ақпан айында ол жұмыстан кетуге шешім қабылдаған, бірақ оған мүмкіндік бермеген.

"Ол кезде де бізде жалақы кешіктірілді, жеткізушілер мен мердігерлердің қызметтері төленбеді. Жан-жақтан сотқа арыз түсті. Жұмыс тоқтап қалды. Жұмыстан кеткім келді, жібермеді. Айгүл Мекешеваның (ол кезде құрылтайшылары Гүлмира Сатыбалды мен Абай Жүнісов болған Baur Kazakhstan АҚ директорлар кеңесінің төрағасы – ред.ескертпесі) және тікелей Гүлмира Сатыбалдының тарабынан қоқан-лоқы көрсетілді. Олар өздері атпайынша, кетпейсің деді. 2019 жылғы ақпаннан бастап маған зейнетақы жарналары салынбай, жалақы да төлемеді", - деді ол.

Қалиевтің айтуынша, ол Айгүл Мекешевадан жұмыстан шығаруды бірнеше рет өтінген, бірақ қорқыту ғана болған.

"Егер мен кетсем, қылмыстық іс қозғап, түрмеге қаматамыз деп қорқытты. Бір кезде Гүлмира Сатыбалды Мекешевамен сөйлескенде телефонды алып, мені балағаттап, қорқытты. "Тыңда, мен айтқанша жұмыс істейсің. Бәрін тастап, қазір кетсең мен сені тауып, түрмеге қаматамын" деді. Ол кезде қолында билігі бар еді. Қауіп-қатер болғаны рас", - деді куәгер.

Сондай-ақ куәгердің айтуынша, оны қарызға батырам деп те қорқытқан. Бірақ кімнің қарызы, неге олай айтқанын куәгер білмеген.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген