Сирияда 6 жыл тұрған ақтөбелік оранған киімін шешіп, енді бақытты өмір сүріп жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2024, 13:05
1131
Сирияда 6 жыл тұрған ақтөбелік оранған киімін шешіп, енді бақытты өмір сүріп жатқанын айтты ашық дереккөзден

Ол ағымды насихаттады деген айыппен 4 жылдан астам уақыт абақтыға қамалып шыққан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмарал Алмағамбетова — 2019 жылы «Жусан» операциясымен елге жеткізілгендердің бірі. Сириядан кішкентай екі баласын жетектеп келген келіншек терроризмді насихаттады деп айыпталды. 2019 жылы Ақтөбе қалалық соты терроризмді насихаттап, діни алауыздық туғызғаны үшін оны бес жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылдың күзінде бостандыққа шыққан ол жұмысқа орналасып, бүгінде өмірін қалыпқа келтірген.  Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«26 жасымда Сирияға бардым. Ол кезде Ақтөбеде отбасым болды. 17 жасымда тұрмысқа шығып, бірінші күйеуіммен тоғыз жылдан аса уақыт бірге тұрдым. Онымен ортақ үш балам бар. Ажырасып, кетіп қалдым. Сирияда алты жыл тұрыппын. Ол жаққа басқа арманмен кеттік… Барғанда соғыс болып жатты. Күнде жарылыс болады. Балалармен қаладан-қалаға қаштық. Қайтудың жолын іздедім. Күрдтер арқылы басқа лагерьге өттік. Сол жерде ғана тамақ іштік. Ол жақта 50 градусқа дейін ыстық. Қара судың өзі қат. Балаларда инфекция, кезектесіп ауырды. Қазақстанға алып кетуді сұрап, өтінішпен шықтық. Екі айдан кейін жауап алдық. Бізді біреу іздеп, елге жол ашылады деген үміт аз болды. Бірақ Қазақстан ол жақтағы азаматтарына уақытша паспорт беріп, бес айдың ішінде елге әкелді», — деді Ақмарал Алмағамбетова.

Келіншектің бес баласы бар. Балаларының үлкені 20-да, одан кейінгісі 16 жаста. Ересек балаларымен кездесіп тұрады екен. Ал бір жарым жасында тастап кеткен үшінші баласымен кездеспеген. Жүрегін жаралап аламын деп қорқады. Қазір үш баласы бұрынғы күйеуінің тәрбиесінде. Қазақстанға Сирияда туған 4 және 2 жастағы кішкентай балаларымен келді. Бас бостандығынан айырылғанда жетімдер үйіне жіберілген екі баласы патронаттық отбасында тәрбиеленді.

«Қателік жасадым. Білемін. Ол үшін бес жыл жазаға кесіліп, Петропавлдағы абақтыда төрт жыл, төрт ай отырдым. Қазір қарасам, ол уақыт та тез өткен екен», — дейді ол.

Ақмарал Сириядан оралғаннан кейін діни ғұрыппен киінбейді. Болашақта өмірі туралы кітап жазуды армандайды.

«Қазір балаларыма қатысты сот шешімі шықты. Мен патронаттық отбасындағы балаларыммен қауыша аламын. Енді бірге тұрамыз. Балаларыммен бейбіт елде бақытты өмір сүру менің арманым еді. Бұл қол жеткен арманымның бірі. Жаңа өмір бастағым келеді», — деді ол.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды