Ресейге салынған санкцияның кесірінен KASE мен AIX-тің әлеуетін біріктіру тоқтап қалды

12.07.2024, 15:39
1048
Ресейге салынған санкцияның кесірінен KASE мен AIX-тің әлеуетін біріктіру тоқтап қалды lsm.kz

KASE-нің құрамында санкцияға түскен акционер бар дейді Ұлттық банк төрағасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов KASE-нің ресейлік акционері санкцияға тап болғаны үшін елімізде бірыңғай биржалық холдинг құру ісі тұралап қалғанын айтты. Бұл туралы Kazinform жазды.

«KASE мен „Астана“ халықаралық қаржы орталығындағы AIX биржасының әлеуеттерін біріктіру туралы айтсақ, себебін жақсы білесіздер. Акционерлердің бірі MOEX (Мәскеу биржасы) санкцияға ілінді. Сәйкесінше, бірыңғай биржалық холдинг құру іс жүзінде жүзеге аспайтын болып тұр. Сондықтан қазіргі ахуал тұрғанда „тоқта“ деген мәселеге келіп тұрмыз. Төте сұраққа төте жауап осындай. Әзірге бұл істі аяқтай алмаймыз, тіпті ойлай да алмаймыз. Өйткені KASE-нің құрамында санкцияға түскен акционер бар», — деді ол кезекті баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол Мәскеу биржасымен арадағы мәселені KASE-нің өзі шешу керектігін айтты.

«Қазір Мәскеу биржасына тиесілі акцияларды KASE-нің өзіне қайта сатып алу туралы әңгімелер жүріп жатыр. Әрине, олар аталған үлесті өздеріне қайта сатып алғысы келеді. Өйткені санкцияның әсері өздеріне тимегенін қалайды. Біз — KASE-нің ең ірі акционерлерінің біріміз. Бірақ бізден басқа акционерлері де жетерлік. Сондықтан нақты шешімнің нақты тетіктерін KASE-нің өзіне сұрау керек», — деді Тимур Сүлейменов.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады