Жапаров ұлы өлгенде мал шалып, бауырсақ пісіртпеген - қырғыздар молалардың дизайнын өзгертпек

12.07.2024, 17:32
1363
Жапаров ұлы өлгенде мал шалып, бауырсақ пісіртпеген - қырғыздар молалардың дизайнын өзгертпек ашық дереккөзден

Садыр Жапаров қырғыздар бейітті арабтар сияқты салу керек дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғыздар молалардың дизайнын өзгертуге бекініп отыр. Президент Садыр Жапаров үлкен күмбезді бейіт салу ысырапшылдық қана емес, ислам қағидасына да сай келмейтін әрекет деп сынаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

«Кейбір қабірлерге күмбез қойып, екі қабатты үйдің орнына салады. Сосын ол жер пайдаланылмай жатады. Мен президент бола тұра олай істемеймін, қарапайым халық та олай істемеуі керек. Бұл жерде мәселе ысырапшылдықта ғана емес, бұл ислам ережесіне де сәйкес келмейді», - деді Жапаров.

24.kg онлайн басылымының дерегінше, қырғыз президенті өз әкесінің 90-жылдары Меккеге барып, адам жерлеу туралы ойының өзгеріп келгенін айтқан. Сөзінше, арабтар моланы қоршап, құлпытас қоймайды екен. Содан кейін президенттің әжесі мен атасының бейітіндегі жаназалық атрибутикаларды алып тастапты.

Садыр Жапаров 2019 жылы Дастан атты ұлы қайтыс болғанда оған ешқандай құлпытас қоймағанын еске алған, тіпті құрбан шалып, бауырсақ та пісіртпеген.

Қазір Қырғызстанның шенеуніктері моланың дизайнын өзгертуге байланысты Жапаровтың тапсырмасын орындауға кіріспек.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды