Атақты ҚазҰУ-дың жатақханалары жаға ұстатты

12.07.2024, 17:50
1041
Атақты ҚазҰУ-дың жатақханалары жаға ұстатты ашық дереккөзден

Депутаттар қара шаңырақтың жатақханасына барып, жағдайын көріп шошыды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі мен мәслихат депутаттары бірлесіп Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттік жатақханаларын аралап, олардың жағдайы мәз емес екенін айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

 

Жатақханалардың жағдайымен оқу орынның проректоры Суатай Сәбит таныстырған. 

“ҚазҰУ жаттақханасына келдік. Алпысыншы жылдарда қалып қойған сияқты”, – дейді Нұргүл Тау. 

Студенттер қалашығындағы ең ескі жатақхана деп таныстырған №9 студенттер үйі «Ұлттық университеттің» жатақханасы деп атауға тіпті ұятты жағдайда. Жатақханада ас әзірлейтін және кір жуатын орын бір жерде орналасқан. Студенттердің айтуынша, кейде кір машиналардан суы ағып, ас бөлмесі көл болады екен дейді депутат. 

“350 адам тұратын жерде 12 камера ғана бар. Кір жуатын жер мен ас әзірлейтін бөлме бір жерде екен. 211 студент тұратын тағы бір жатақханада дабыл түймесі істемейді. Қазір бірдеңе болса, ешкім ештеңе істей алмайды деген сөз”, – дейді министрлік өкілі Ақерке Абырайхан.

Қазақ Ұлттық университетінің 6 мыңға жуық орынмен қамтитын 15 жатақханасы бар. Жатақханаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет компанияларымен келісімшарттар да жасалмаған болып шықты. Ішкі күзет деп шақыртқан мамандарының студенттердің өміріне қауіп төнген жағдайда қалай қимыл жасайтыны да белгісіз дейді депутаттар. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады