«Етін жегісі келген сияқты»: Ақтөбеде ер адам итті көпқабатты үйдің кіреберісінде бауыздаған (видео)

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2024, 18:44
1016
«Етін жегісі келген сияқты»: Ақтөбеде ер адам итті көпқабатты үйдің кіреберісінде бауыздаған (видео) ашық дереккөзден

Ақтөбеде ер адам итті тұрғын үйдің кіреберісінде пышақпен бауыздаған. Үй жануарына еріктілер көмектесті. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еріктілер Людмила мен Салтанат итке көмектесуге барғанымен, полиция оны бір сағаттай бермеген.

"Бізге Қарлығаш есімді қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде ит бауыздалғанын, оның тірі екенін айтты. Оқиға орнына тез арада бардық. Бүкіл жер қан болды. Ол жерде қөмек сұраған қыз, полиция қызметкерлері мен итті бауыздаған ер адам болды. Ол үйінің есігін ашпай жатыр екен. Біз итті алып кеткіміз келді. Алайда полиция тергеу жүріп жатқанда бере алмайтынын айтты. Бірақ ит көп қан жоғалтты, оған шұғыл көмек керек болды”, – дейді ерікті. 

Еріктілер полицейлердің әрекетіне қатты ашуланғанын жеткізді. Олар итті бермей, әйелдермен сөзге келген. Еріктілер итке көмектесу үшін ветеринарды шақырған екен.

“Оқиға орнына ветеринар Бақтиярды шақырдық. Ол ауырсынуды басатын дәрі берді. Сол кезде Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері келді. Олар есікті ашқан кезде, ер адамның қолында пышағы болды. Ол мас болған. Итті не үшін бауыздағанын білмейміз, мүмкін жегісі келген шығар”, – дейді ерікті. 

Итті бір сағатқа созылған ұрыс-керістен кейін алдық. Сосын ветеринарлар иттің жарасын тігіп, көк тамырдан ине салды. Итке Фортунелла деген есім берілді.

“Ол өзі тамақ ішеді. Еріктілер оған үй іздеп жатыр! Ит мейірімді әрі жұмсақ. Басынан өткен оқиғадан кейін итті көшеге жіберуге қорқамыз”, – деді ерікті. 

Полицейлердің мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Итті еріктілер ветеринарлық орталыққа жеткізіп, қажетті көмек көрсетілді. Қылмыстық тергеудің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)