Қазақстанның креативті индустриясын дамыту үшін Яндекс тәжірибесі қолданылады

13.07.2024, 20:35
1045
Қазақстанның креативті индустриясын дамыту үшін Яндекс тәжірибесі қолданылады tadviser.ru

Ресейлік компания тәжірибесімен бөліспек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ҚР МАМ креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева Яндекс Плюс және Яндекстің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ойын-сауық сервистерінің бас директоры Владимир Горбуновпен кездесті. 

Тараптар креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Атап айтқанда, оқыту семинарлары, білім беру бағдарламалары, креативті индустрияға IT-технологиялар мен бизнес шешімдерді енгізу, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобалар бар.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысты жалғастыру үшін өңірлердегі креативті тауарлар мен қызметтер нарығына талдау жүргізу қажет.

Алматыға жұмыс сапары барысында Гүлісхан Нахбаева Almaty Creative креативті индустрияны дамыту орталығына барып, орталықтың қазіргі жобаларымен танысты.

Almaty Сreative креативті хабы мегаполистегі қараусыз қалған ғимараттарды жаңартып, шығармашылық жұмыс үшін заманауи кеңістікке айналдырған алғашқы бастамалардың бірі саналады.

Сондай-ақ, кретивті индустриялар департаментінің директоры Salem Social Media және IT-hub The Foundry медиа компаниясының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)