Головкин 1 теңге де жалақы алмайды, Артаевтың айтқаны өтірік – ҰОК бас хатшысы

14.07.2024, 13:55
3972
Головкин 1 теңге де жалақы алмайды, Артаевтың айтқаны өтірік – ҰОК бас хатшысы collage smartnews.kz

Головкиннің командасы Бақтияр Артаевты сотқа беруі мүмкін

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова өз басшысы Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады. 

Бұған дейін Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Головкиннің 20-25 млн теңге шамасында жалақы алып отырғаны туралы мәлімдеген болатын. YouTube-каналдардың біріне сұхбат берген ол Александр Винокуровтың да табысы аз емес екенін, айына 100 мың еуро алып отырғанын айтып қалды.

Осы мәлімдемеден кейін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешова Артаевтың жала жапқанын айтып, Головкиннің аталған лауазымда мүлдем жалақы алмайтынын мәлімдеді. Ал, жалған ақпарат таратқан экс-боксшыны енді сотқа сүйреуі мүмкін.

«ҰОК президентіне ешқандай жалақы қарастырылмаған, ол ерікті ретінде тегін жұмыс істейді. Президенттікке кіріскенде Геннадий Геннадьевич бірден ҰОК-тің мемлекеттік бюджетпен жұмыс істемейтінін ашық айтты», - деп жазды Өтешова өзінің Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, Ұлттық Олимпиада комитеті қазір білікті заңгерлер жалдап, аталған мәселені сот арқылы шешпекші екен.

«Мұның салдары міндетті түрде болады», - деп сөзін түйді ҰОК вице-президенті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды