«Таза ақымақтық»: Бақтияр Артаев қамаудағы Дикий Арман үшін қызметінен кеткенін растады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 15:15
31554
«Таза ақымақтық»: Бақтияр Артаев қамаудағы Дикий Арман үшін қызметінен кеткенін растады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Оны жұмыстан кетірген шенеуніктің өзі қазір түрмеде отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қаңтар» оқиғасынан кейін Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік бапкер қызметінен кеткен болатын. Ол «Уақыт көрсетеді» YouTube-каналында осының екі себебін айтты.

Біріншісі – сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың орнын басады деп қорыққандар болған көрінеді. Ал, екінші себебі – боксшының «Қаңтар» оқиғасына қатысы бар деп күдікпен ұсталған «Дикий Арманды» қолдап пост жазуы. Ең басты себебі де осы болған екен.

«Кім кіммен араласпай жатыр? Таза ақымақтық. Ашығын айтайық, түнгі сағат екіде қорқор (кальян) шегіп отырып, сол кездегі Спорт комитетінің басшысы хабарласты. «Дикий Арманмен» араласады екенсің, жұмысты босатуың керек» деп айтты. Айлығым 180 мың теңге болды. Шетелде мен сияқты маманды 10 мың доллар төлеп шақырар еді. «Токиодан жылап келдіңдер. Ұлттық Олимпиада комитеті мен министрлік кінәні бір-біріне жауып сілтедіңдер. Алтын жоқ. Араға 2 сай келіп, Сербиядағы әлем біріншілігінен екі алтын алып бердім. Сонда 180 мың төлеп, осының өзін артық көріп кеттіңдер ме?» дедім. Мейлі деп, трубканы қойып, арызымды жазып бердім», - дейді Бақтияр Артаев.

Боксшыға хабарласқан – Спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарған Самат Ерғалиев. Ол қазір бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторында жатыр.

«Алла шебер. Өзі мәңгі сол жерде отыратындай ойлады. Енді қазір өзі қайда отырғанын білесіздер», - дейді спортшы.

Айта кетейік, 2022 жылы ақпан айында Бақтияр Артаев «Дикий Арман» ретінде танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке арнап пост жазды. Ол «бауыры үшін жүрегі ауыратынын» айтып, босатуды сұраған болатын.

Арман Жұмагелдиев болса «Қаңтар оқиғасына» қатысты екі жарым жылдан бері тергеу изоляторында жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады