Желіде Марат Әйтенов пен әйелінің арасындағы жанжалға қатысты жаңа видео жарияланды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 15:44
2596
Желіде Марат Әйтенов пен әйелінің арасындағы жанжалға қатысты жаңа видео жарияланды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бейнежазбадан Марат Әйтеновтің басын жарғанын байқауға болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың жанжалдасып жатқан жаңа видео пайда болды.

Бейнежазбадан Дана Әтешова мен бұрынғы күйеуінің сөзге келіп қалғанын байқауға болады. Марат Әйтенов түсіріп отырған бейнежазбадан әйелдің оны балағаттап, артынша басын жарып тастағанын көруге болады.

"Атаңда шизофрения. Сен атаң Әйтеннің үшінші әйелі сені суық бөлмеге қамап ұрғанын есепке алуың керек. Әйтен әйелін ұрған жоқ па, есіңде шығар. Себебі сендер карма жоқ деп ойлайсыңдар. Карма деген міне. Сен ойлайсың, "бұған білезік алып бердім, болды енді мендік" деп ойлайсың (балағат сөздер айтылады). Мен таңғы асқа барамын, ал сен кет! (Әйтенов таңғы асқа бармайсың деп жауап қатады). Қазір кетемін, сен мен үшін ешкім емессің", - дейді Дана Әтешова.

Әйел бөлмеден шыққан соң Әйтенов "Дана, балалар кіммен қалады? Сен балаларға қарайсың ба, жоқ па?" деп сұрайды. Әйел күйеуінің үйде қалатынын айтып жауап береді.

"Мен енді сені тыңдамаймын (балағат сөздермен). Сені ғана тыңдау керек деп ойласаң, қателесесің. Әйел деген рахаттанып өмір сүруі керек, ал сен оны түсінбейсің", - дейді әйел.

Әйел бейнежазбаға түсіріп жатқанын көріп, сөздерін қайталайды.

"Әйел рахаттанып өмір сүру керек болса, еркек ше? Жұмыс жасап, асырап, сен сұраған нәрсенің бәрін аузыңа тыға беруім керек пе?", - дейді Әйтенов.

Артынша әйел ашуланып видеоны өшіруді бұйырады. 

"Өшір. Өшірмесең, әжетханаға тастап жіберемін. Өшір! Өшір (балағат сөздермен), жазбаны өшір!", - деп әйел ызалана бастайды.

Артынша ашуланған әйел шыны затты алып күйеуінің басынан бірнеше рет ұрып, басын жарып тастағанын байқауға болады. Басынан қан ағып, әйелдің соққысынан қорғанған Марат Әйтенов бейнежазбаны сөндіріп тастайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады