Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 17:13
1129
Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты бейнежазбадан алынған кадр

2000 жылғы қыз жүкті болғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілген.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.

- Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Науқастың аяғы ауыр, жүктілігі - 10 апта.

Қазір науқастың жағдайы - тұрақты ауыр. Есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, - дейді аурухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиева. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтағаны туралы бейнежазба тараған болатын. 

Оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы супермаркеттердің бірінің алдында болған. 

Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Ал басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады