«Шешеңді таста, сенің үйіңде тұрамын»: Анна Данченко өзінің байлығына қызығатын жігіттер барын айтты (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
14.07.2024, 18:34
12382
«Шешеңді таста, сенің үйіңде тұрамын»: Анна Данченко өзінің байлығына қызығатын жігіттер барын айтты (ФОТО) жеке парақшасынан

Тележүргізуші өзіне сатқындық жасаған жігіт болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші Анна Данченко күйеуге шықпауының себебі дүниеқор жігіттердің көптігі екенін айтты.

"Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, “Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!” деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі “шымшып, тигізіп” жазатын сияқты. Сонда мен “Күлге аунап туам ба?”

Жоқ әлде бір жігіт айтқандай: “шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсын”), ал басқасы: “сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз”. Қазіргі жігіттердің көбі осындай. Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын құрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын! 

Ал, енді Анама қатысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын!!! Ешкім Тіл тигізбесін! - деп жазды ол.

Анна Данченко өзінің қандай ер азамат таңдайтынын айтты.

Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды - сөзіне емес, ердің ісіне қарап!

Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, Ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау - ол МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ!

Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, күйеусіз бала тумау - ол МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ! - деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші өзіне сатқындық жасаған жігіттер болғанын айтты.

Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер. 

Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды.

Құдай қаласа, жақсы адам жолығады.

Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын, Алла көріп тұр, ниетіме қарай беріп жатыр барлығын, шүкір. Бақытты Ана, бақытты Жар, бақытты адам болуымды да Алла нәсіп етсін! Барлық аруларға соны тілеймін! Әмин! - деп жазды ол.

Бұған дейін Анна Данченко бұрынғы жігіті одан алған қарызын қайтармай, керісінше қорқытып жүргенін айтқан еді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды