Бұрынғы қожайын базарды сатып, Ресейге қашып кеткен: Алматы барахолкасының кәсіпкерлері шағымын білдірді

14.07.2024, 19:53
904
Бұрынғы қожайын базарды сатып, Ресейге қашып кеткен: Алматы барахолкасының кәсіпкерлері шағымын білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Алматы барахолкасының кәсіпкерлері сауда орталығындағы әділетсіздікке шағымданды. Себебі олардың бірі сауда дүңгіршегінсіз қалса, енді бірі алаяқтықтың құрбаны болған. Тіпті алданғандар саны жүзден асыпты. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Рахат" базарының жүзден астам саудагері Жетісу ауданының әкімдігін үшінші жыл сотқа беріп отыр. Өйткені, билік барахолка аумағында саябақ құруды жоспарлап, кәсіпкерлерді саудадан бас тартуға мәжбүрлеген.

"Барахолканың ортасында ешқандай қоғамдық бақ болуы мүмкін емес. Жергілікті билік пен шенеуніктер бюджет қаражатын пайдаланып, бұл аумақты басып алу шараларын қалай жүзеге асырып жатыр? Мұның әдейі жасалғанын түсінеміз", – дейді "РАХАТ" базары мен "Еуразия" сауда үйі кәсіпкерлерінің өкілі Жәнібек Башанов.

 "Еуразия" сауда орталығының басқа да бизнесмендері түйткілді мәселелерді айтып өтті. Онда бұрынғы қожайын базарды қалпына келтіреміз деген сылтаумен 67 адамнан 5 миллионға жуық доллар жинап, оларды жалдаушы емес, бутик иесі етуге уәде берген. Содан базарды сатып, Ресейге қашып кеткен.

“Прокурорларға талай рет бардық – нәтиже болмады. Әр жолы тәртіп сақшылар сылтау айтады. Қылмыстық іс 2023 жылдың басында қозғалған. Одан бері ештеңе алға жылжыған жоқ. Базардың жаңа қожайыны жалдау ақысын 30 пайызға өсірді. Ал біз бұрынғыға бар ақшамызды бердік, сондықтан банкрот болудың аз-ақ алдында тұрмыз”, – деді кәсіпкер Сәуле Абдуллина. 

Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр екен.

“Кез келген мәселенің ортақ шешімі жоқ. Кәсіпкерлер барлық жерде ұтылып жатыр. Мәселен, билік "Рахат" базарының аумағынан тыс жерде саябақ салуы мүмкін еді. Ал ақшаны алдап алып кеткен "Еуразия" базарының бұрынғы қожайыны Ресейден экстрадицияланып, қаражатты қайтаруға мәжбүр болуы керек”, – деді заң палатасының мүшесі Жәмилә Төленова. 

Алматы қаласы жер комиссиясының 2023 жылы 16 ақпандағы шешімімен Жетісу ауданы, Солтүстік айналма көшесі 9 бойында орналасқан ауданы 97 гектар жер телімі Жетісу аудандық аппаратына абаттандыруға берілген.

Алматы қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес, алдағы жылдары әйгілі Алматы барахолкасындағы базарлар қала сыртына көшірілуі мүмкін.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды