Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

15.07.2024, 09:15
1574
Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды John Finney Photography/Getty Images

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжам бойынша, Ақмола облысының батысында, орталығында, шығысында жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. 15 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық (37 градус) болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астанада күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты