Утильалым: петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

15.07.2024, 09:50
1100
Утильалым: петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды kolesa.kz

Бүгін утиль алымы мәселелері жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, утильалымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі жазды. 

"15 шілдеде утиль алымы мәселелері жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында. 

Тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube-тегі арнасында, Трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетілетіні айтылған.

Бұған дейін осы петиция бойынша алғашқы отырыс өткенін жазған едік. Бұл отырыста өнеркәсіп вице-министрі петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өткен. 

Айта кетейік, биылғы 25 мамырда утильалымға қарсы петиция E-Petition.kz порталында жарияланған. Осы уақытқа дейін петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойған.

Петиция авторлары 8 жыл бұрын утильалымды енгізу бәсекелестіктің жойылуына және соның салдарынан автокөліктердің, ауыл шаруашылығы техникаларының және арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне әкелді деп есептейді. 

"Автокөлік пен механикаландыруға қатысты барлық нәрсенің бағасы өсті: жүк тасымалдау, механикаландыру және қоғамдық көлік қызметтері, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрғын үй құны және тағы басқалар қолжетімсіз бағаға байланысты Қазақстан азаматтары өздерінің жеке көліктерін жаңартуды тоқтатты, елдегі көліктер паркі қатты ескірді", - делінген петицияда. 

Кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр берген сұхбатында утильалым жойылса, Қазақстанда ескі көліктер қаптап, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғатынын мәлімдеген. Оның алдында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстанда утильалымды алып тастау туралы идеяны "делдалдар" алға тартып жатқанын айтқан еді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды