«Балаларын пайдаланғаны анық»: Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың бірінші әйелі экс-күйеуіне қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 11:14
1189
«Балаларын пайдаланғаны анық»: Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың бірінші әйелі экс-күйеуіне қолдау білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Екінші әйелі мен балаларын ортақ үйінен қуып шыққан Марат Әйтеновтың бірінші әйелі мән-жайды айтты. Ләйлә Мирас жұртшылыққа сын көзбен қарауды ұсынды. Таяқтың екі ұшы болады дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ләйлә Мирас бала-шағасы үшін жұртшылыққа мәлімдеме жасауды ұйғарғанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда экс-күйеуіне жала жабылып жатыр. 41 жастағы Лейла Мирас қазір Түркияда тұрады. Әйтеновтен үш баласы бар.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі өзіне ешқашан қол көтермеген. Сөзінше, жақсы әке болған. Өз балаларына қол көтеруі мүмкін емес дейді ол.  

«Дүрбелеңге салынбай, сыни көзқараспен қарауды сұраймын. Жағдайға байыппен қарап, екінші тарапты да тыңдау керек. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жұртшылықтың қысымынсыз әділ тексерсе екен», – деді әйел.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуінің екінші әйелі ажырасқаннан кейін күйеуіне қояр талабын өзгертіп отырған. 

«Бұл жағдайда балаларын пайдаланғаны анық. Оны түсінген бұрынғы күйеуім балаларды сыртқа шығарып, екеуара сөйлеспек болған сияқты», –  деді Әйтеновтің бірінші әйелі.

Дана Әтешованың қызының мұрнынан қан кетуіне балалардың таңнан кешке дейін үйде отырып, ештеңе жемеулері себеп болған сияқты.  Ләйлә Мирастың айтуынша, Марат Әйтенов ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай қалған. Сондықтай әйелі қолдаусыз және алиментсіз қалды дейді.

«Екінші әйелімен арақатынасы жағдайды одан сайын нашарлатты. Оның екінші әйелін үйден қуып шығу әрекетін сынамаймын. Оны құқық қорғау органдары өздері реттесін. Бірақ бәрі дұрыс түсінсін», – деді әйел.

Лейла Мирас балаларын әзірге интернеттен шектеп отырғанын айтты. Ол осы әңгімесінен соң өзіне сын айтылатынын, бәріне дайын екенін жеткізді.  

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді