«Әзірбайжан миллиардері мен Малайзия королінен ұсыныс түскен»: Дәулет Мұқаев орден алған Қыран Талапбекті қолдады

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 12:43
1056
«Әзірбайжан миллиардері мен Малайзия королінен ұсыныс түскен»: Дәулет Мұқаев орден алған Қыран Талапбекті қолдады ашық дереккөзден

Мобилография саласының негізін қалап, “Құрмет” орденін иеленген Қыран Талапбек сынның астына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мобилографты қолдап, жетістіктерін айтып берді. 

“Кейінгі күндері әлеуметтік желіге аз кіріп жүрген жайым бар. Десе де, бірнеше парақшадан Қыран Талапбектің Мемлекеттік награда – "Құрмет" орденімен марапатталғанын байқап қалдым. Шынымды айтсам, Қыран үшін өте қуаныштымын. Ал кейбір іші тар адамдар үшін көңілім түсті. Пікірлерді оқып, "біз өзі қандай қазақ болып кеттік" деп терең ойға батасың. Ниетіміз бұзылмасын. Мойындайықшы, елде "мобилография" деген ұғымға жаңа леп, жаңа серпіліс әкелген осы жігіт. Өзі көптеген адамға үйретіп, үлкен еңбек етіп келеді! Команда жинап, онымен жұмыс істеудің өзі – жеке еңбек. 100 мыңға жуық жас осы мобилография арқылы өз нәпақасын тауып, отбасын асырап жүрген жайы бар. Әсерлі кадр, әдемі монтаж, шынайы эмоцияларды видеоға алу, оны көрсету де – үлкен өнер. Қыранмен мен мүлдем жақын таныс емеспін. Бірақ әрдайым тілекшімін", – деді депутат.

Халық қалаулысының айтуынша, президентті видеоға түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс көрінеді. 

“Мемлекеттік деңгейде Қазақстан имиджін видеолар арқылы көрсетіп, Президенттің өзін түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Көптеген ел басшылары біздің мобилография деңгейіне қызығушылық танытты. Ендігі қызықты қараңыздар, менің естуімше, оған Әзірбайжанның миллиардері, Малайзия королі, Біріккен Араб әмірлігі елдері тараптарынан небір ұсыныстар, алпауыт компаниялардан жұмысқа шақырулар келіп жатыр. Қазақ баласына әлемдік деңгейде сұраныстың артқаны қандай жақсы?! Қыранның 1.1 миллион оқырманы бар парақшасына кіріп едім, мына суреттерді салмаған екен. Шамасы хейттен қорықса керек. Қыран, көре алмайтындардың пікірінен, сөзінен қорықпа. Тек алға баса бер. Атың затыңа сай болып, Қырандай қарыштай бер. Қанатың талмасын. Менің ойымша, сен бұл марапатқа әбден лайықсың. Қазақ баласы өсіп жатса, қуанайық! Артқа тартуды қояйық, сеніммен қарайық. Осындай жастармен мақтанайық!" – деді мәжілісмен. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды