1899

«Еркелеп жүр»: ата-анасымен билеген Алтынай Жорабаева елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Әке-шешесіне еркелеп биледі.

«Еркелеп жүр»: ата-анасымен билеген Алтынай Жорабаева елді сүйсінтті (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде ата-анасымен түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар жұлдызды отбасыға тәнті болып, жылы лебізін білдірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Алтынай Жорабаева ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің табиғат аясында ата-анасымен билеп жүргенін көруге болады. 

"Менің байлықтарым, Аллаға шүкір", - деген жазба қалдырды шоу-бизнес өкілі.

 Желі қолданушылары ата-анасына еркелей билеген әншіге жылы лебізін білдіріп, отбасына ақ тілегін жолдады.

"Бақыт деген осы емес пе?", "Қандай керемет сәт. Осындай сәтті қаншама адам үшін арман болып қалды", "Ата-анаңыздың өмірі ұзақ болсын. Осылай еркелеп жүре беріңіз", "Ата-анасы бар адам бақытты", "Өте керемет көрініс. Бақытты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда көпшілік.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор