«Қожаның қарғысына қалмау керек»: Руслан Ысқақ Әбдіжаппар Әлқожа қалай ұсталған айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 17:44
1955
«Қожаның қарғысына қалмау керек»: Руслан Ысқақ Әбдіжаппар Әлқожа қалай ұсталған айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Той жүргізушісі әнші қамауға алынғанда оның қасында болғанын айтты

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жұлдызды асаба Руслан Ысқақ 10 тәулікке қамауға алынған досы Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты пікір білдірді.

Руслан Ысқақ өнердегі досы үшін қатты қынжылатынын жасырмады. Ол Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған күні оның қасында болып, жағдайды өз көзімен көрген. Асаба сол сәтте провокациялық әрекеттер болғанын жеткізді. Сонымен қатар той-бизнес өкілі бұл жағдай Әбдіжаппар үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Руслан Ысқақ досы абақтыдан шыққан соң, оған ақыл-кеңесін бермек.

"Әбдіжаппар досыма қатты жанып ашып, қатты қынжыламын. Бұл жайт та жүрегіме қатты батады. Бүгін туған күнімде Әбдіжаппарымның қасымда болмай тұрғаны көңіліме қаяу түсіріп тұр. Бір бұйрегімсіз, бауырымсыз қалғандай болып тұрмын. Алла жеңілдігін берсін. Әбдіжаппарды ұстағанда қасында болдым. Негізі провокациялық әрекеттер арасында болды. Оның артын қазбалап айтқым келмейді. Біреулерге жеккөрінішті боламыз. Жабулы қазанның беті жабулы қалсын. Алла сабыр берсін. Өзіне сабақ болды. Енді кімнің кім екенін, қоғамда қалай жүру керек екенін білетін болады. Шыққаннан кейін өзіміз де дос ретінде ақыл-кеңестерімізді айтамыз. Әбдіжаппар қазақтың ақкөңіл тұлғасы, мықты өнерпазы. Әбдіжаппарды қатты жақсы көреміз. Қазақтың қожасының қарғысына қалмау керек еді", - деді Реслан Ысқақ Анна Данченкоға берген сұқбатында.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды