«Енді жылдам жетеді»: ауыл тұрғындары медбикеге ерекше сыйлық жасады (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
15.07.2024, 18:41
1179
«Енді жылдам жетеді»: ауыл тұрғындары медбикеге ерекше сыйлық жасады (ФОТО) ашық дереккөзден

Тұрғындар адал медбикені қатты жақсы көріп қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл тұрғындары медбикеге ерекше құрмет көрсетіп, электрлі велосипед сыйлады. Олар Диананы "құдайдың өзі жіберген дәрігер" дейді. Бұл туралы Диапазон мәлімдеді. 

Диана Дәуренбек Аққайыңда медбике болып жұмыс істейді, тұрғындар оны елгезектігі мен мейірімділігі үшін жақсы көреді, сондықтан туған күні қарсаңында оған пайдалы сыйлық жасаған. Тұрғындар медбикеге электрлі велосипед сыйлап, оған жұмысына алғысын білдірді. Бұл сый медбикенің жұмысын жеңілдетуге сеп болмақ. 

"Мұның бәрін біздің белсенділер – Бейбіт Құсайынова мен Гүлсім Асқарова ұйымдастырды. Олар жергілікті тұрғындарға ақша жинап, учаскелік медбикеміз Дианаға электрлі велосипед сыйлайық деп ұсыныс айтты. Бұл – өте пайдалы сый, себебі оған көп жүруге тура келеді. Бізде ауыл чаты бар. Гүлсім мен Бейбіт медбикеге ақша жинап, сыйлық алайық деп жазды. Бәрі шамаларына қарай 20 күнде қажет соманы жинап, электрлі велосипед сатып бердік. Олардың ішінде тіпті зейнеткерлер де бар. Міне, содан кейін оны Дианаға салтанатты түрде табыстап, құттықтадық", - дейді Аққайың ауылының тұрғыны Гүлшара апа. 

Жергілікті тұрғындар Диана Дәуренбекті "құдайдың өзі жіберген дәрігер" деп санайды, Оның ауылда еңбек етіп жүреніне 4 жылдай болған. Диана – Мәртөк өңірінің тумасы, оқу бітірген соң туған ауылына қайтып келіп, жұмысқа орналасқан. 

"Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр, бірақ Диана әзірге ескісінде жұмыс істеп жатыр. Ол үйінен жырақта орналасқандықтан, жұмыс барысында көп жаяу жүруіне тура келеді. Ауылымыздың барлық тұрғыны оны қатты жақсы көреді. Үш кішкентай баласын тәрбиелеп отыр, соған қарамастан күні-түні көмекке асығады. Уколды да керемет салады... Ауылымыз кішкентай, көбі көшіп кетті, бірақ Диана осында жұмыс істеп қалды. Біз оны бағалаймыз, ол – өте жақсы адам, үнемі қолынан келгенше көмектеседі. Сондықтан оның жұмысын қалай да жеңілдеткіміз келеді", - деп түйіндеді сөзін Гүлшара апа.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды