Еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын жауып, арты бұршаққа ұласуы мүмкін

16.07.2024, 09:17
1391
Еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын жауып, арты бұршаққа ұласуы мүмкін ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада кей уақыттарда найзағай соғып, жауын жауады. Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?