Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

16.07.2024, 11:11
1644
Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылды ашық дереккөзден

Алматыда өткен түні жантүршігерлік жол апаты болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі бірдей көлік әйел адамды қағып кетті. Бұл туралы қалалық жол полициясы мәлімдеді. 

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40-та Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесінде болған.

"Екі көліктің соқтығысуы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, қазір оның кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі. 

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Zakon.kz сайтының хабарлауынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі әйелді қағып кеткен, қатты соққыдан ол қарсы бағытқа ұшып түскен, сол жақтан оны Daewoo Nexia көлігі қаққан.

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, Chevrolet жүргізушісі бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді