«Жеті жылдан бері түрлі сынақты көріп келеді»: Қайрат Нұртастың келіні қолдау білдірген халыққа алғыс айтты

Аиса Махамбет Редактор
16.07.2024, 14:54
28607
«Жеті жылдан бері түрлі сынақты көріп келеді»: Қайрат Нұртастың келіні қолдау білдірген халыққа алғыс айтты жеке парақшасынан

Ұшақта төбелесіп, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа келіні, блогер Әйгерім Сәркенова қолдау білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер – өнер иесінің інісі Аян Нұртастың келіншегі, әулеттегі ортаншы келін. 

“Бүгінде отбасымызға жақын жандардан бөлек, бейтаныс адамдар да қолдау білдіріп жатыр. Бәріңізге алғысым шексіз. Кезекті сынақ деп қабылдаймыз. Осы жеті жыл ішінде ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өтті. Сынақтарға қарсы иммунитеті қалыптасып кеткен. Ол кісіге қарағанда ата-анамыз қатты уайымдап отыр. Өз еліңді мойындату оңай емес екенін енді түсіндім. Ағамыз жайлы ел арасында түрлі негатив пен даулы мәселелер айтылып жатса да, ол оның ешбіріне мән бермей, барын салып еңбектеніп, халыққа өзін дәлелдеп тастады. Ол кісіден үйренетін жақсы қасиеті бар. Ағамыз басына қандай жағдай түспесін әркез бәрін жымиып қарсы алады. Өмірлік сынақтарды сабырмен еңсереді. Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", – деп жазды жұлдызды келін. 

Желі қолданушылары блогердің жазбасына риза болып, жылы пікірлер жаудырып жатыр. 

“Гүлзираның осы келіні ақылды. Жұлдыз Қайраттан асып түсемін деп қайда қалғанын білмей қалды. Жібегі ажырасып кетіп, қазір коуч болып, елге ақыл үйретіп жүр”, “Әйгерімнің ата-анасы өте тәрбиелі жандар”, “Қайратты өте қатты жақсы көреміз”, “Міне, әулетке сіңген келін осындай болады”, – деп жазды оқырман қауым. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады