Қазақстанда ғалымдар мен кәсіпкерлер суперкомпьютерді жалға алуына болады

16.07.2024, 15:30
1210
Қазақстанда ғалымдар мен кәсіпкерлер суперкомпьютерді жалға алуына болады Getty Images

Премьер-Министр Олжас Бектенов ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жалға алу рәсімдерін оңайлатуды тапсырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және Group42 компаниясымен бірлесіп неғұрлым заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютер іске қосылады.

 

Суперкомпьютер жасанды интеллект модельдерін құруға қызмет етеді және ғылыми, академиялық ортаға, сондай-ақ жасанды интеллект өнімдерін жасауда коммерциялық мақсатта қолжетімді болады.

«Суперкомпьютердің есептеу қуатын пайдалану оны бизнес пен ғылыми қоғамдастыққа жалға беру арқылы экономика секторларында өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Суперкомпьютер жобасын бастау үшін жасанды интеллект құралдарының құқықтылығы бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет», - деді О.Бектенов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жалға алу рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ қазақстандық тіл моделін (KazLLM) әзірлеуді жеделдету маңызды екенін жеткізді.

«Осыған байланысты Қаржы министрлігіне биылғы шілденің соңына дейін қолданыстағы тәртіпке қажетті түзетулерді пысықтауды тапсырамын. Ғылым министрлігі Назарбаев университетімен бірлесіп, жыл соңына дейін KazLLM үлкен тілдік моделіне арналған деректер жинауды аяқтасын. Саясат Нұрбекұлы (Ғылым және жоғары білім министрі – ред.), бірінші модельді сынақтан өткізу биыл 3-тоқсанда жүргізілуге тиіс», - деді О.Бектенов.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)