Подъезде түнейтін бала: «қонақ» келгенде анасы үйге кіргізбейді

16.07.2024, 17:20
1489
Подъезде түнейтін бала: «қонақ» келгенде анасы үйге кіргізбейді facebook.com/Меруерт Алтынбек

Екі күннің бірінде подъезге түнейді дейді. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушысы өзі тұрып жатқан үйдің подъезінде түнейтін, шешесі жұмыс істейтін дүкенде тұратын бала туралы жазба жариялап, осындай шын мұқтаж жандарға көмек берілуі керек екенін айтты.

“Бұл бала біздің подъездің "тұрғыны". Естуімше, шешесі үйіне "қонақ" келгенде, сыртқа шығарып жібереді. Мүмкін, бірдеңеге көңілі толмай, баланың өзі үйден шығып кететін шығар... Өздері шешесі жұмыс істейтін дүкенде тұрады. Үйлері жоқ. Әкесі жоқ. Бала аздап үркектеу, жасық. Екі күннің бірінде подъезге түнейді. Өзін көрген сайын үйге шақырамын. Бірақ, қанша шақырсам да үйге кірмейді. Қайтпек керек?”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Ол тепсе темір үзетін жігіттерге пәтер көлік таратып, көп алдында ұпай жинайтын меценаттарға ренішін жеткізді. 

“Көп алдында ұпай жинайтын меценаттар осындай шын мұқтаж жандарға көмектессе ғой! Мына балаға бір бөлмелі болса да пәтер алып беретін, тым құрыса, жалдап беретін қайырымды жан болса, немесе, ел-жұрт боп, осы балаға пәтер алып берсек, бала бұлай суық еденде жатпас еді”, – деді ол.

Жазба авторы тиісті органдарға хабарлап, анасын аналық құқықтан айыруға дәті бармайтынын, шешесінің сондай жаман адам емес екенін айтады.

“Шешесі момындығынан жұртты басына шығарып алады. Әрі, күйіктен аздап ішеді. Басқа тұрғындар да, анасының балаға зәбір көрсетпейтінін білгендіктен, полиция шақырмайды. Меніңше, полиция шақырып, баланы анасынан айырғаннан мына баланың жағдайы оңалып кетпейді. Жүрегіне жара түседі. Одан да, осындай тағдыры қиын балаларға ел_жұрт боп қарасып жүрсек, ең дұрыс шешім болар еді деп ойлаймын”, – дейді жазба авторы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды