«Бала асырап алуға дайын емеспін»: Елдос «Колобоктың» әйелі өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
16.07.2024, 18:30
6347
«Бала асырап алуға дайын емеспін»: Елдос «Колобоктың» әйелі өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді жеке парақшасынан

әзілкеш Елдос Кәдірхановтың әйелі, блогер Таңшолпан Шотаева оқырмандарды алаңдатқан сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Әсембике” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Елдостың диагнозын екеуміз үйленбей тұрған кезде білдім. Ол кезде қатты мән бермедім. Қазір медицина дамыған заманда, ЭКО арқылы да көтеруге болады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Сол ойыма сендім. Кішкентай күнінде отаны сәтсіз жасап, осындай диагнозы пайда болды. ”Үйленгеннен кейін түрлі дәрігерге қаралдық. Түркияға барып, емделіп келдік. Қайта-қайта ота жасады. Нәтижесіз аяқталғанда екеуміз де қатты қиналдық. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, келе жатырмыз. Ол жылағанда мен жұбатамын. Мен көңілсіз болғанда ол жанымнан табылады. Солай өміріміз өтіп жатыр”, – деп күрсінді желі жұлдызы.

Сонымен қатар блогер бала асырап алыңдар деп ақыл айтатындарға да үндеу жасады.

“Бала асырап алуға дайын емеспін. Менің қорқынышым бар. Біреудің баласын асырап алып, кейін оған ауыр сөз айтып қалсам, ұрып жіберсем ше деген ой болады. Қазақ тек әйелді ғана кінәлайды ғой. Бірақ біздегі жағдай мүлдем басқаша. Сен емделіп, тексеріл деп маған неше түрлі гинеколог пен емшілердің нөмерін жібереді. Бала болса да, болмаса да осы күніме шүкір деймін”, – деді блогер. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды