«Айналамның бәрі шибөрі»: Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртеп, сынға қалды

Аиса Махамбет Редактор
19.07.2024, 09:43
1634
«Айналамның бәрі шибөрі»: Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртеп, сынға қалды бейнежазбадан алынған кадр

Эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шығып, жеке парақшасына видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жол ережесін бұзып, 10 тәулікке қамалған өнер иесі бостандыққа шығып, жеке парақшасына видео жариялады. 

Ол теміржол бойына от жағып, ұсталған кездегі киімдерін өртеді. Одан кейін қарбызды бір тістеп, лақтыра салған. Эстрада жұлдызы драмалық видеосының астына “Айналамның бәрі шибөрі” деген сыңайда өлең жолдарын жазды. 

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты түрлі болжамдарын айтып жатыр. 

“Күйеуім теміржолда істейтін еді, бүлдіріп кеткенін қарашы”, “Түрмедегі киімдерін өртеп, жамандық сонымен кетсін деп жатыр”, “Рұқсат етілмеген жерде от жақтың деп, тағы да 10 тәулікке қамап тастамасын”, “Тірі адамның киімін өртемейді және ауаны ластадың одан кейін қарбызды ысырап еттің”, “Кімге ренжисің, заң бәріне ортақ”, “Жүрген жерлеріңді неге ластайсыңдар. Табиғатты бүлдіріп жатсың”, “Не айтқысы келгенін түсінбедік” – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, інісінің қамалғанына қатысты әнші Роза Әлқожа да пікір білдірген еді. 

“Біреу жазыпты “балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!” деп. Жаным, "қызым – үйде, қылығы – түзде” дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын мойнымен көтереді. Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да – тәрбиеден!”, – деген болатын өнер иесі. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды