«Қабекеңді көрдім, ақ матамен жапты»: Колумбияда суға батып кеткен қайықта қаза болған қазақ туралы

19.07.2024, 12:13
956
«Қабекеңді көрдім, ақ матамен жапты»: Колумбияда суға батып кеткен қайықта қаза болған қазақ туралы жеке мұрағатынан

Колумбия жағалауында суға батып кеткен қайықта қазақстандық қаза болғаны айтылды. Алайда еліміздің сыртқы істер министрлігі мұндай ақпарат жоқ екенін айтты. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайықта болған Қабидолла Қали есімді қазақстандық 9 шілдеге қараған түні қайтыс болды. Мәліметті сол күні қайықта болған тағы бір қазақстандық Байхан Жапақ айтып берген. 

АҚШ-қа жетуді жоспарлаған бес қазақстандық (үш ересек, екі бала) өзге мигранттармен бірге Колумбияның Сан-Андрес аралынан Никарагуаның Корн аралына қайықпен шыққан. Сол кезде толқын көтеріліп, қайық аударылған. Байхан Жапақ пен оның отбасын, яғни әйелі мен екі баласын және басқа да мигранттарды Колумбияның жағалау күзеті құтқарып алған.

Осы сапарда бірнеше адам опат болған. Соның бірі қазақстандық Қабидолла Қали екені айтылды. Оның қазасын Байхан Жапақ Колумбияның көші-қон орталығынан естіген екен. 

"Көші-қон орталығына ол кісінің сүйегін алып кетейін, бірге келдік дедім. Бұлай болмайды, туған-туысы, саусақ ізі я елшіліктен хат жіберу керек деді. Кейін Қабекеңнің туыстарымен байланысқа шықтық", – деді Байхан Жапақ.

Құтқарылғандар арасында Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Венесуэла азаматтары болған.

"Иран азаматын құтқарғанда "Қабекеңді көрдім, ақ матамен жапты" деген. Екеуін бірге тапқан екен. Иран азаматын 11 сағаттан кейін құтқарған", – деді Байхан Жапақ.

Байханның сөзінше, Қабидолла Қалидің АҚШ-та таныстары болған.

Қалидің қаза болғаны туралы ақпарат 10 шілдеде телеграм-арналарда тарады. 11 шілдеде оның Тұрсын Кеш есімді алыс туысы Қалидің қазасы болғанын естігенін айтты.

Қытай қазағының тағы бір туысы пікір бере алмайтынын айтып, жағдайды сыртқы істер министрлігі анықтап жатыр деді. Ал сыртқы істер министрлігі өкілі “бұл жағдай бойынша бізде ресми ақпарат жоқ" екенін хабарлады. 

Байхан Жапақтың сөзінше, АҚШ-қа бармақ болған оларды Алматыдан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына жеткенде Никарагуа астанасы Манагуаға ұшаққа өткізбей қойған. Кейін Колумбияның Сан-Андрес аралынан қайықпен шығуға бел байлаған.

46 жастағы Қабидолла Қали Қазақстанға Қытайдан көшіп келген. Алматыда аспаз болып жұмыс істеген екен. Ол Байхан Жапақпен желідегі чатта танысып, 16 маусымда Қазақстаннан бірге шыққан.

Жапақтың сөзінше, Қабидолла Қалидің әйелі, бала-шағасы болмаған, туыстарының көбі Қытайда тұрады.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)