«Сен кімсің, жаңа қаһарманым»: Павлодар облысы әкімдігі караокеде ән айтқан шенеуніктің видеосына түсініктеме берді

19.07.2024, 12:54
890
«Сен кімсің, жаңа қаһарманым»: Павлодар облысы әкімдігі караокеде ән айтқан шенеуніктің видеосына түсініктеме берді бейнежазбадан алынған кадр

Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы Асқар Ажмұраттың караокеде түскен видеосына әкімдік түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Асқар Әжмұрат өңірдің құрылыс басқармасы басшысы болып тағайындалған кейін келесі күні оның 19 секундтық видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда ер адам дастархан фонында 90-шы жылдардағы "Жаңа қаһарман" әнін орындаған.

"Жаңа қаһарман" Асқар Әжмұрат пен оның командасы Павлодар облысының құрылыс басқармасының бастығы қызметіне тағайындалуын қатты тойлап жатқанға ұқсайды", – делінген Telegram арнасының жазбасында.

Комментаторлардың пікірлері екіге жарылды. Бірі көңілді шенеуніктің бұл әрекетін айыптаса, енді біреулер оны қорғап шығып, видеоны желіге жариялағандарды сөкті. 

Тағы басқалары видео кейіпкерінің достарын таңдау кезінде мұқият болу керек екенін айтып әзілдеді.

Ал Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі видеода болып жатқан жайт мемлекеттік қызметкердің жаңа қызметке тағайындалуын тойлауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Бұл желіге тарап кеткен ескі видео. Бұл видеода 2023 жылы болған достар мен сыныптастардың кездесуі бейнеленген. Кездесуге қатысқандардың бірі сол кезде құрылыстың басшысы қызметін атқарған Асқар Әжмұрат еді. Отырыс жұмыстан тыс уақытта өтті және жеке сипатта болды", – деп түсіндірді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мұны Асқар Әжмұраттың өзі де растады. Әлеуметтік желілердегі қызығушылық туралы не ойлайсыз деген сұраққа шенеунік "ешнәрсе" деп қысқаша жауап берді.

Редакция видео авторымен де хабарласып көрген. Ол Асқар Әжмұраттың курстасы әрі досы Ерболат Жетібаев болып шықты. Ер адамның айтуынша, ол видеоны 2024 жылдың наурыз айында түсірген.

"Бұл менің видеом, мен оны биыл 7 наурызында әйелдерімізбен мерекені тойлаған караокеде түсірдім. Бейнені ортақ достардың чатына жүктедім. Бұдан кейін қалай әлеуметтік желіге жарияланғанын білмеймін. Мүмкін түрлі ақпараттық желілер мұны дүрліктіру үшін қолданған шығар. Басқа түсініктеме көріп тұрған жоқпын", – деді ер адам.

Айта кетейік, 17 шілдеде өткен аппарат отырысында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов облыстық құрылыс басқармасының жаңа басшысы ретінде 48 жастағы Асқар Әжмұратты таныстырды. Мемлекеттік қызметкер тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының құрылыс бөлімін басқарған.

Заңнамада мемлекеттік қызметкерлердің мұндай мекемелерге баруына тікелей тыйым салынбаған.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды