SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші анасымен соңғы жылдары ғана етене араласа бастаған.
“Менің анам 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет етіп, адал еңбекпен батасын алған келін деп сенімді түрде айта аламын. Әйтпесе әжем оңай кісі емес еді. Мінезді, шыншыл, адуынды болғаны сонша, кез келген адам шыдай бермейтін. Дишинкамның арқасында әжеге, әкеге деген құрметті, сыйластықты көріп өстік. Соған қатты қуанамын. Кез келген отбасылық мәселе, сыртқа шықпай, екеуара шешілетін. Айғай-шу тұрмақ, ешқайсының қатты дауысын естімедік. Егер есіктері жабық тұрса, мазалауға болмайды деп түсіндік. Сол тәрбие кейін өз отбасымда да жалғасын тапты”, – деп бастады әңгімесін журналист.
Сонымен қатар медиа өкілі жары мен әкесіне көрсете алмаған жақсылықты анасына көрсеткісі келетінін жасырмады.
“Бұрын анама көп нәрсе айтқым келмейтін, уайымдамасын деп... Қазір құрбымыз. Енесіне ұқсаған менің мінезіме арасында басымнан сипап, күліп қана қояды. Кімге Құдай қанша ғұмыр бергенін білмейміз, әкем, бауырым, жарым көрсете алмаған бар жақсыны, бар байлықты, бар ғажапты қазір анама көрсеткім, сыйлағым келеді. Бүгінгі үлкен арманым осы”, – деп жазды продюсер.