«Әйелдің көзін көгертпесе, тауар сата алмайды»: Коуч Роза Әшірбаева жиһаз жарнамасына шүйлікті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.07.2024, 17:59
1705
«Әйелдің көзін көгертпесе, тауар сата алмайды»: Коуч Роза Әшірбаева жиһаз жарнамасына шүйлікті (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Отандық өнім шығаратын жиһаз зауытының жарнамасы қоғамда дау тудырды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жарнаманың қысқаша мазмұны, ерлі-зайыптылар жиһаз таңдамақ болып, дүкенге келеді. Әйелі отандық өнімді қолдаса, күйеуі шетелден қарайық деп бой бермейді. Келіспеушіліктің соңы күйеуінің әйеліне қол көтеруімен аяқталады.

Белгілі коуч-эксперт Роза Әшірбаева сәтсіз жарнамаға шүйлігіп, жиһазды сапасыз тауарға теңеді. 

“Тауарларының нашарлығы сонша әйелдің көзін көгертпесе сата алмайтын болып тұр ғой. Өте төмен дәрежедегі тауарға өте төмен дәрежедегі жарнама лайық. Бизнес басшысы өтірікші болса, тауары да сапасыз деген сөз. Біз әйелді сыйлаймыз деп қойып, әйелдің көзін көгертіп, келемеждеп жарнама түсіріп мәзсіз. Қай көзбен қарасаң да зорлық ол – зорлық. Көзіңді бақырайтып қойып, ақты қара деп, қараны ақ деу – өтірікшінің ісі”, – деп ашуланды коуч. 

Одан кейін қоғам белсендісі Әйгерім Құсайынқызы да ролик түсіргендерді заң алдында жауапқа тарту керегін айтты. 

“Жарнамаларыңызды прокуратураға жібердім. Зорлықты насихаттайтын жарнама – заңға қайшы. Көзі көгерген әйелге күлетін “Шаншар” мен “Алдараспан” заманы келмеске кеткен. Қазір заң бар! Осы үшін жауап бересіздер! Зорлықты ашық насихаттау!”, – деп жазды Әйгерім. 

Мекеме басшысы желіде дау туғызған видеоға қатысты пікір білдірді. 

“Роза ханым, бұл видео әзіл ретінде түсіріліп тұр, бірақ сонда да біздің өнімді төмен дәрежеде дегеніңіз болмады. Отандық өнімді дамытайық, Қазақстанның экономикасын көтерейік деп жұмыс істеп жатырмыз. Мекенжайыңызды айтсаңыз, сыйлыққа бір орындық жіберейік. Отандық өнімнің сапасын көріп қуанып қаласыз”, – деп жазды кәсіпкер. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды