Навальныйды жерлеу рәсіміне қатысқан эпископ иноагент атанды

20.07.2024, 11:45
798
Навальныйды жерлеу рәсіміне қатысқан эпископ иноагент атанды ашық дереккөзден

Ресей Әділет министрлігінің 19 шілдедегі бұйрығына сәйкес, Евгений Киссин, Григорий Михнов-Вайтенко, Дмитрий Цибирев, сондай-ақ Юрий Швец шетелдік агенттер тізіміне енгізілген. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министрлік Е.Киссин – Украйындағы арнайы әскери операцияға қарсы болғандардың бірі, Украйын Қарулы Күштерін қолдауға қаражат жинау шараларына қатысқанын мәлімдеді. Оның ішінде өзінің гастрольдік сапары барысында біраз қаржы жинаған. Сондай-ақ Украйын Қарулы Күштеріне қаражат аударған екен.

Епископ Г.Михнов-Вайтенко шетел агенттерінің хабарламалары мен материалдарын көпшілікке таратумен айналысқан. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат таратқан.

Ал Д.Цибирев – Навальныйдың Саратовтағы штабының бұрынғы басшысы. Ол елді рұқсат етілмеген митингілер мен пикеттерге қатысуға шақырып, Украинадағы арнайы әскери операцияға қарсылық білдірген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олардың жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат таратқан, шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын жасауға және таратуға да қатысқан.

Ю.Швец – бұрынғы кеңестік барлау офицері, ТАСС тілшісі, Ресейдің Украйынға қарсы соғысын қаралап, оған қарсы YouTube-те блог жүргізеді. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің теріс имиджін қалыптастыруға бағытталған жалған ақпарат таратқан.

Сонымен қатар Ресей Әділет министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Правовая инициатива» қоры коммерциялық емес ұйымы таратылуына байланысты тізімнен шығарылды.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)