«Қызға таласқан»: Алматыда 17 жастағы бозбаланы қатарласы пышақтап өлтірді

20.07.2024, 12:59
983
«Қызға таласқан»: Алматыда 17 жастағы бозбаланы қатарласы пышақтап өлтірді бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда қызға таласқан жас жігіттер пышақтасып, 17 жастағы бозбала ажал құшты. Бұл туралы КТК арнасына мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер көп ұзамай құрықтаған. Ал марқұмды жақындары туған жері Таразда жерледі.

Томирис ықшамауданындағы үйді ұлы мен қызы аралас бір топ жасөспірім жалдап тұрған. Көрші-қолаң сейсенбіде таңғы алты шамасында солардың айқай-шуынан оянған. Мұнда оларды іздеп ересек жігіттер келген екен.

Жігіттердің дәл сол жерде басталған әңгімесі көп ұзамай төбелеске ұласқан. Артынша 21 жастағы ер бала өзінен төрт жас кіші жігітті пышақтап, жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

“Бір бала дарбазаны ұрып, айқайлап жылап жатты. Қолы қан-қан, былай қарай жүгіріп кеткен. Екі жедел тобы келді. Бірден жедел жәрдем де жетті. Ана баланы жылдам алып кетті”, – дейді көршісі Ырысты Қалжан. 

Содан кейін бұл маңай тынышталып қалған. Жасөспірімдер жалдап тұрған үй қазір бос тұр. Ал қанды қылмысқа жігіттің қызғанышы себеп болған көрінеді.

“Ересектері болды, бұлардың. "Төбелес не үшін болды" деп сұрадым. "Қыз үшін болды, ана қыз полицияның машинасында отыр" деді”, – дейді көршісі. 

Куәгерлердің айтуынша, марқұмды пышақтаған соң, күдікті көлікке мініп қашып, полицейлер оны алысқа ұзатпай ұстаған. Қазір қолы қанға боялған жігіт тергеу изоляторында отыр. Ал 17 жастағы Әлібекке сұғылған пышақ тәркіленген.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр”, – дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Көршілерінің айтуынша, ұл-қыздардың мұнда көшіп келгеніне бір айдай ғана болған. Олардың бәрі Тик-Ток желісі арқылы табыс табумен айналысқан көрінеді. Марқұмды жақындары өзінің туған жері Тараз қаласында жерледі. Ал күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол