«Әйел бата бермеген»: блогер інісіне бата берген Жұлдызай Дүйсенбиева көпшіліктің алғысын алды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.07.2024, 18:18
2607
«Әйел бата бермеген»: блогер інісіне бата берген Жұлдызай Дүйсенбиева көпшіліктің алғысын алды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Блогер оған құны миллиондарды құрайтын Cartier сыйлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Жұлдызай Дүйсенбиева қайнысына бата берген сәтін жариялады.

Бейнежазбада Қап-Қара Әли атымен танымал блогер актрисаға құшақ гүл мен құны 5 млн-нан бастап 15 млн-ға дейін жететін Cartier білезігін сыйлап жатқанын көруге болады.

Әли бата сұрап келіпті. Қазақта қыз бала бата бермейді дейді. Дегенмен шын ниетіммен сәттілік тіледім! Көңілім қатты босады. Бірақ бұл өмір, бірге тумақ болғанымен, бірге жүрмек жоқ деген!!!, - деп жазды актриса.

Күтпеген жерден бағалы сыйлық алған өнер иесі жылап қалды.

Адамды осылай жылатуға бола ма? Бұл ешқандай қоштасу емес. Бірақ Әли көрегендігін, тәрбиелігін көрсетіп жатыр. Анасына, әкесіне рахмет. Бұл көңіл, тағы да ойламаңыздар, «Жұлдызай алтын көргесін жылап жатыр» деп.

Бата сұрап келген баладан айналасың ғой. Алла жолыңды ашсын. Менің батам түк емес қой, - деді актриса.

Бейнежазбаға көпшілік оң пікірін жазды.

«Әли жарайсың әпшеңді қуантып», «Неге бермеске әпшесі лайықты болса Жұлдызай айналайын рақмет саған Алланың нұры жаусын!», «Мен неге жылап отырмын?!», «Жаным сол жүрегің кең аңқылдап арпылдап қалған өзіңнен бұрын өзгені ойлайтын қасиетің бар екен», - деп жазды оқырмандар.

Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО)