SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың).
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (25 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (13 мың) қалып отыр.
Білім беру бағдарламаларының тобының ішінде ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» - 11 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», оны 4 мың талапкер таңдаған.