2087

«Блин, шаршадым»: әнші Argonya-ның сахнаға мас боп шыққаны тарады (ВИДЕО)

Көпшілік оны бейәдеп сөздері үшін жауапқа тартуды сұрап отыр.

«Блин, шаршадым»: әнші Argonya-ның сахнаға мас боп шыққаны тарады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстрада әншісі, композитор Argonya сахнаға мас күйінде шығып, жұрттың ашуын тудырды.

Желіде әнші Argonya-ның Екібастұз қаласындағы концертте сахнаға мас күйінде шыққан видеосы тарады.

Құттықтаймын. Мен жаңа ғана келдім, блин. Шаршадым. Жол ұзақ. Маған "Сені сүйемін" деген әнді қойып берші. Махаббат туралы ән айтайық, - дейді әнші бейнежазбада.

Бейнежазбаның астында адамдар әншінің қылығын мастыққа санаса, бірі оның өзін-өзі ұстауы сондай деп ақтады.

“Киелі сахнамызды қорлады”, “Әншілердің бәріне не болған”, “Қайраттың жолын қуайын деген ғой” деген сынды пікір жазды көпшілік.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор