1642

Тамыз айында жұмыс істейтін азаматтар қанша күн демалады?

Жалпы, бұл айда 10 күн демалыс бар.

Тамыз айында жұмыс істейтін азаматтар қанша күн демалады?
tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді.

30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.

Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. 

Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30,31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.

Материал авторы