Белгілі кәсіпкер депутат Ринат Зайытовқа көлік сыйлады (ВИДЕО)
Депутат қуанғаннан үстіндегі киімдерін халыққа шешіп берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей Ақсуат халқының атынан Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді.
"Асыл бесік – Ақсуат спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді", – деп жазды Дулат Тастекей.
Бейнежазбада қуанғаннан Ринат Зайытов үстіндегі пиджак пен қолсағатын халыққа шешіп бергенін көруге болады.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор