Камала Харрис АҚШ–тың алғашқы қара нәсілді әйел президенті бола ала ма?

22.07.2024, 14:30
1286
Камала Харрис АҚШ–тың алғашқы қара нәсілді әйел президенті бола ала ма? ашық дереккөзден

Федералдық сайлау комиссиясына түскен хабарламадан АҚШ вице-президенті Камала Харристің президентікке үміткер ретінде ресми түрде ұсынылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Джо Байден президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген соң Камала Харрис өз кандидатурасын жариялады. 

“Президеттің қолдауына ие болу мен үшін үлкен құрмет. Бұл лауазымға қол жеткізу үшін барымды саламын”, – деді Камала Харрис.

Осыдан кейін АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына елдің вице-президенті Камала Харристің мемлекет басшысы лауазымына ұсынылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Камала Харрис – 2024 жылғы сайлауда АҚШ президенттігіне үміткер. Осы лауазымға ұмтылу үшін ол үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді”, – делінген құжатта.

Джо Байденнің сайлаудан бас тартуына байланысты оның сайлауалды штабының атауы "Президент үшін Харрис" өзгертілді. Экс-президент Камалаға қолдау білдірді.

“Менің демократ әріптестерім, мен өз кандидатурамнан бас тарттым. Бар күш-жігерімді қалған уақытымды Президент ретіндегі міндеттерімді орындауға жұмсаймын деп шештім. 2020 жылы партия кандидаты ретінде Камала Харристі вице-президент ретінде таңдап, алғаш рет шешім қабылдадым және бұл мен қабылдаған ең дұрыс шешім болды. Бүгін мен Камаланың кандидатурасын толық қолдап, қолдау көрсеткім келеді", – деді Джо Байден.

59 жастағы Камала Харрис – Калифорнияда бас прокурор қызметін атқарған алғашқы қара нәсілді әйел, АҚШ Сенатына сайланған шығу тегі оңтүстік азиядан болған бірінші америкалық және АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарған алғашқы афроамерикалық және азия-америкалық әйел. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды