Ресейлік оқушылар Солтүстік Кореядағы балалар лагеріне жіберілді

22.07.2024, 17:50
1489
Ресейлік оқушылар Солтүстік Кореядағы балалар лагеріне жіберілді ашық дереккөзден

250 оқушыны Солтүстік Кореяға жіберді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей өңірлерінен жиналған 250-ге жуық оқушы Солтүстік Кореядағы "Сондовон" лагеріне демалуға кетті. Бұл туралы Azattyq жазды.

Приморск өлкесінің билігі мәлімдемесіне сәйкес, оқушылар лагерьде 22 шілдеден 2 тамызға дейін жүреді, онда "екі ел достығын нығайтатын іс-шараларға қатысып, теңізге шығып, таэквондомен және сурет салумен айналысады" деген хабарламада. "Корея күні", "Ресей күні", "Дарынды балалар сахнасы", "Достық кеші" сияқты іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.

Лагерьге Приморск өлкесі, Сахалин, Мәскеу, Санкт-Петербург, Воронеж, Липецк, Орынбор облыстары, Красноярск және Краснодар өлкесінен балалар барған.

"Сондовон" лагері Жапон теңізі жағалауында орналасқан, айналасында қарағай орманы бар. Лагерьде "аквапарк пен океанариум", "спорт кешені мен хайуанаттар бағы, кинотеатр және ойын алаңдары" бар деді Приморск өлкесінің билігі.

Ресей президентінің Пхеньянға сапарынан кейін мемлекеттік жастар қозғалысы Ресей жасөспірімдеріне Солтүстік Кореяның "Сондовон" лагерінде жазғы демалыс ұйымдастыру жайында хабарлаған.

Қозғалыстың мәліметінше, балалардың Солтүстік Кореяға сапарының шығынын мемлекет төлеуге дайын. Ол үшін балалар Солтүстік Корея неліктен қызықтыратыны туралы, көпполярлы әлемдегі Ресейдің рөлі жайында видео түсіріп, эссе жазуы керек. Байқауда жеңген 50 адам сапарға жолдама алады деп уәде берген.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен