«Әкімнен таяқ жедім»: Алматы облысында ауыл әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды

22.07.2024, 19:53
960
«Әкімнен таяқ жедім»: Алматы облысында ауыл әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды ашық дереккөзден

Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл тұрғынана қарсы күш қолданып, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін бұзды деп айыпталған Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

«Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал шыққан. Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады. 

«Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз»,- деп атап өтті әкмідіктен.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды