«Жобаға қатысы жоқ мені кінәлады»: Азамат Сатыбалды аниматорлар мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024, 11:14
1124
«Жобаға қатысы жоқ мені кінәлады»: Азамат Сатыбалды аниматорлар мәселесіне нүкте қойды ашық дереккөзден

Айтуынша айлықты бәріне толық төлеп отыр, ал арандатушы топ бес жыл бойы бітпеген жұмыс туралы мәселені қазіргі басшыдан көріп отырған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақфильм» президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды даулы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Ол «Жалған ақпаратқа жүйелі жауап» деп нақты жауабын берді. Актер аниматорлар жалақы алып отырғанын айтты.

«1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр.

2. Бұл – Алтын адам жобасының шығармашылық тобы. Айлық емес, қаламақы. (Гонорар)

3. Жоба 2019 жылы басталған. Бес жыл созылып, бітпей келе жатыр. Соңғы мерзім бойынша 2023-те бітуі керек екен.

4. Ақшасы 90% төленген.

5. 10%-ы қалған.

6. Бұл жоба – ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы.

7. Қазақфильм – орындаушы орган. Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр.

8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар.

9. Содан кейін сот процесі басталды.

10. Бұл – жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін.

11. 20 маусым күні ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді. Жобаның режиссері мен авторлары қол алысып, келісті.

12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті», – деп жазды актер.

Сонымен қатар Азамат Сатыбалды бұл мәселеде жаман пиғылды топтар барын айтты.

«Бұл жерде жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәлау дұрыс емес. Қазақфильм де – жәбірленуші. Қалай болмасын, «Алтын адам» жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек. Осыны пайдаланып, пиғылы басқа және бұл жобаға дым қатысы жоқ, осыны ұйымдастырған белгілі бір топқа айтарым... Абыройды беретін Жаратқан және алатын да Жаратқан. Әуре болмаңдар», – деді «Қазақфильм» киностудиясының директоры.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды