Қару үшін қажет бөлшектерді АҚШ-тан Ресейге асырған тәжік түрмеде

23.07.2024, 12:02
911
Қару үшін қажет бөлшектерді АҚШ-тан Ресейге асырған тәжік түрмеде ашық дереккөзден

Шет елдерде жүріп, Ресейдің пайдасына қыруар жұмыс істеп жатқан адамдар көп деп жатады. Олардың талайы ұсталып та жатыр. Мысалы, шет елдердің әскери базалары жайлы мәлімет жинап, фотосурет қорын жасайтын астыртын агенттер осы күні Еуропа елдерінде көбейіп кеткен көрінеді. Олар әдетте Ресейдің арнайы қызметі жұмысқа тартқан жергілікті тұрғындар немесе арнайы қоныстандырылған ресейліктер болып келеді екен.

Осыдан бес-алты ай бұрын Америкада бір тәжік пен екі орыс ұсталған еді. Оларға АҚШ-тан Ресейге тауар жеткізумен айналысады деген күдікке іліккен. Тауар болғанда да зымырандар мен снарядтарды жасауға аса қажетті микросхемалар мен тағы басқа бөлшектерді Америкадан алып, өзге елдер арқылы Ресейге жеткізілетін жүйе жасаған екен. Ондаған миллион доллардың тауарын аттандырып үлгерген. Бүкіл операцияны тәжік басқарып келіпті. Сол тәжік бірер күн бұрын өзінің АҚШ-та жүріп, жылдар бойы Ресейдің пайдасына қандай жұмыстарды жүзеге асырып келгенін мойындапты. Енді ол 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Онымен бірге ұсталғандар да кінәларын мойындапты.

Ұсталған тәжік - 53 жастағы кәсіпкер, көп жылдан бері Америкада тұрып келген Салимжон Насриддинов  деген Тәжікстан және Ресей азаматы екен. Онымен бірге ұсталғандар – АҚШ-та тұрып келген 38 жастағы Ресей және Канада азаматы Николай Гольцев есімді орыс пен оның 32 жастағы Кристина Пузырева есімді жұбайы.  

Олар санкцияны айналып өтіп, Ресей армиясының қажеттілігі үшін қолдануы мүмкін америкалық электрониканы тасымалдаған деп айыпталды. Бұл жөнінде АҚШ-тың әділет министрлігі мәлімдеді.

Насриддинов пен Гольцев ресейлік «Тесткомплект», «Радиавтоматика», «ЭКВ-Нева» және «Комтек» деген компаниялар үшін америкалық компаниялардан құрал-жабдықтарды сатып алып, жөнелтіп отырғандарын мойындаған. Олар сатып алған электрондық тетіктер кейін Украинада тәркіленген ресейлік қарулардан табылған.

Салимжон Насриддинов америкалық компаниялардан жабдықтарды және электрониканы сатып алу үшін 2021 жылы сол жақта SH Brothers Group деген атпен компания тіркеген. Ал 2023 тағы бір SN Electronics деген компания құрып, оны өзінің әйелінің атына тіркепті. Осындай компаниялар арқылы тауарларды Гонконг, Түркия, Үндістан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан компаниялар арқылы Ресейге жөнелтіп отырған.

Салимжон Насриддинов АҚШ-тың Бруклин қаласынан «Тандури»  деген мейрамхана да ашыпты. Бұрын ол көп жылдар бойы Ресейде жұмыс істеп, Тәжікстандағы Рогун ГЭС-нің құрылысы үшін техникалар жеткізіп отыруға көмектескені жайлы жазылған. Сол тұста Тәжікстан билігі оны марапаттаған екен.

Насриддинов компаниялардан тауарды алып, жөнелтіп отыруды ұйымдастырған, соған жетекшілік еткен. Тауардың қорабын өзгертіп, жасырып аттандыратын болыпты. Ал Гольцевтер Ресей компанияларынан тапсырысты қабылдап отырған. Әрине, олар Ресей компанияларынан ақша алып, осындай күрделі жұмысты жолға қойған. Алдымен олардың соңдарына прокуратура түскен. Соңынан тәжік жатқан үйінен, ал орыстар мейманханадан ұсталған.

Оларды біраз уақыт аңдыған екен. Сонда құқық қорғау органының адамдары телефонмен сөйлескен сөздерін тыңдап, жазған хабарламаларын оқыған. Мысалы, 23-ақпанда Насриддинов Гольцевке: «Отан қорғау күнімен құттықтаймын!» деп жазыпты. Гольцев Нариддинолвке жауабында: «Өзіңді де құттықтаймын! Біз де шамамыз келгенше отанымызды қорғап жатырмыз» деп жауап қатқан. Электроника мен микросхемаларды алып, Ресейге жөнелту жұмысын Насриддинов 49 рет ұйымдастырғаны белгілі болыпты. Осының бәрінде ол ерлі-зайыпты Гольцевтермен жұмыс жүргізген. Бір қызығы, Насриддинов ғылыммен де айналысқан көрінеді. Экономика ғылымдарының докторы екен. Докторлық диссертацияны Ресейде қорғаған. Америкада ол тәжік мигранттарымен тығыз қарым-қатынас орнатыпты. Америкадағы тәжік мигранттарға қолдау көрсететін ұйым құруға атсалысқан.

Қалай болғанда да тәжік кәсіпкері енді ұзақ жылға бас бостандығынан айырылатыны анық. Оның ұсталып, енді сотталатыны Ресейдің шет елдерде жүрген агенттері үшін сабақ болса керек.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды