Испания қашан да Испания!

23.07.2024, 12:11
739
Испания қашан да Испания! AFP

Футболдан Еуропа чемпионаты дүркіреп өте шықты. Миллиондаған жанкүйер өзінің көкейіндегі командаға болысқанымен, ойын өз дегенін істейді емес пе?

Небір мықты деген командалар ширек финалға жете алмай тоңқалаңасып кетті. Нағыз мықты командалардың ойыншылары жеңісті қолдан бермеді. Олардың төртеуі оза шауып, жартылай финалға жетті. Ойындардың межесі жақындағанда жұрттың бәрі Испания командасына тілеулес болып кетті. Себебі Испания командасының ойыншылары футболда тамаша өнер көрсетіп, әлемнің халқын тамсандырған еді.

Қысқасы, соншама команданың ішінен іріктеле келе ең соңғы ақтық кездесуде Англия мен Испания құрамалары қалды. 14-ші шілдеден 15-ші шілдеге қараған түнде Берлиннің стадионында ойналған соңғы матч өте тартысты өтті. Испания командасы да, Англия командасы да барын сала ойнағанымен, бірінші таймда есеп ашылмады. Екі команда да өздерінің мықтылығын көрсетті. Содан кейін екінші тайм аса тартысты басталды. Стадиондағы емес, иттер төбелесінің алаңындағы төбелес сиқты ойын болып жатты. Бұл ойынға бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің айызы қанды десе де болады. Ойын жалғаса келе алғашқы голдарға да кезек келді ақыры. Өйткені екінші таймда Испания шыға салып, есеп ашып кетті. Испания ойыншысы Нико Уильямс ағылшын Джордан Пикфорд қорғаған қақпаға гол салды. Уильямсқа пасты 13-ші шілдеде ғана 17 жасқа толған жас жұлдыз Ламин Ямаль шығарып берген болатын. Дегенмен 73-ші минутта Англия есепті теңестіріп кетті. 22 жастағы Коул Палмердің айып алаңынан тепкен добы Испания қақпасынан бір-ақ шықты. Палмерге пас шығарып берген - Англия құрамасының лидерлерінің бірі Джур Беллингем. Бір қызығы, Палмер 70-ші минутта ойынға басқа бір ойыншыны алмастырып шыққан еді. Ал 86-шы минутта Испания ойыншысы Микель Оярсабаль Англия қақпасының осал тұсын тауып, есепті арттырды. Оярсабаль 68-ші минутта Испания капитаны Алваро Моратаны алмастырған еді. Сөйтіп, 2:1 есебі ойын соңына дейін сақталды.

Испания Еуропа чемпионатында төрт рет жеңіске жеткен алғашқы ел болып футбол тарихында қалды. Ал Англия екінші рет қатарынан финалда жеңілді әрі Еуропа чемпионатын әлі ұта алмай келеді. Ағылшындар Еуро-2020 додасының финалында Италия командасынан жеңіліп қалған еді.

Германиядағы чемпионатта Испания құрамасы сен тұр, мен тебейін деген мықты  фавориттерден басым түсті. Ширек финалда Германияны, жартылай финалда Франция құрамасын жарыстан шығарды. Ал топтық кезеңде Италия мен Хорватиядан басым түсті. Бұл елдің құрамасы додада барлық жеті ойында жеңіске жетті. Мұндай бақ кез-келген командаға оңайлықпен келмесі белгілі. Испания командасының бапкері Луис де ла Фуэнте мықты шықты деген сөз тарап жатыр. Бапкердің бір ұтқаны – командаға талантты жас футболшыларды алып келгені. Командаға алынған жас футболшылардың бірі Ламин Ямальдың жұлдызы жанды. Ол осы чемпионатқа ойынға келгенінде он алты жаста болды. Небір сойқан ойындарды көрсетіп, әлемдегі жанкүйер атаулыны дүрліктіріп жіберді. Өзі чемпионатта ойнап жүріп кештетіп  мектепті бітіру емтихандарына дайындалды және емтихандарын онлайн тапсырып шықты. Ал финал басталар кезде ол он жетіге толды. Міне ғажап, команданың финалға шығуына да, финалда жеңіске жетуіне де осы жас ойыншының әрекеті шешуші роль атқарды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри Еуро-2024 додасының үздік ойыншысы, Испанияның 17 жастағы футболшысы Ламин Ямаль турнирдің ең үздік жас футболшысы атанды.

Негізі Англия құрамасы өте мықты еді. Жеңіске жету жолында бар күшін сарп етті. Англия командасы ойынның техникасы мен тактикасын өте жетік меңгерген, өте ұйымшыл ойнады. Дегенмен Испания командасы ағылшындардың шабуылдарына жақсы төтеп берді. Испания командасында жас ойыншылар бар еді. Жас күш болғаннан болар, шаршамай-шалдықпай мықты ойнап, өздерінен де мықты Англия командасына  дес бермей алға суырылып кетті.

Испанияның финалдағы бірінші голын салған ойыншы Нико Уильямс жеңістен кейін берген сұхбатында: «Біз көп тер төктік. Англияның құрамы мықты болды, олар кез келген уақытта ойынды өзгерте алатындай қауіпті еді. Бірақ біз олардың шабуылына төтеп бердік», - деді.

Чемпиондыққа жете алмай қалған Англия командасының бапкері Гарет Саутгейт ағынан жарылды. Ол: «Финалдың соңына дейін күрестік. Меніңше, допқа дұрыстап иелік ете алмадық. Олар қысым жасағанда сол қысымнан шығуымыз керек еді, бірақ олай жасай алмадық. Матч соңында қарсылас ойынды бақылауда ұстады. Олар турнирдегі ең үздік команда болды және жеңіске де лайық», - деді. Бұл пікірді Англия командасының капитаны Харри Кейн де қуаттай түсті. «Бір сәт доптан көз жазып қалып, соның сазайын тарттық. Біз қарсыласқа қысым жасай алмадық, допқа дұрыс ие бола алмадық. Турнирдің соңғы ойыны болғандықтан көбі физикалық, психологиялық тұрғыда шаршады. Финалда күрестік, бірақ допқа ие бола алмадық» - деді ол.

Расында, Англия командасы да жеңіске лайық еді деп жатқандар көп. Еуропа чемпионатының тарихында Англия командасы әлі чемпиондыққа жетпеген екен. Талай рет финалға шығып сүрінген. Мына ойында да өзінің мықтылығын көрсете білді. Испания командасы жарады. Бұл елдің құрамасы осымен төртінші рет Еуропа чемпионы атанып отыр.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды