Трамп күшейіп, Байден жарыстан кетті, ал саясат сахнасында - әйел үміткер

23.07.2024, 12:30
740
Трамп күшейіп, Байден жарыстан кетті, ал саясат сахнасында - әйел үміткер MANDEL NGAN / AFP

АҚШ-тың бұрынғы президенті, ал осы күні қайтадан президент сайлауына түсемін деп кеуде қаққан атышулы Дональд Трампқа оқ атылуының төңірегінде әңгіме көбейді. Бұл қастандық Трамптың мәртебесін көтеріп жіберді. Енді оның мұртың балта шаппайды, енді ол жүз пайыз президент дей берсе де болады деп жатыр. Әрине, мұндай жағдайдан кейін оның үміткер ретіндегі әлеуеті күрт артты.

Адамнан сөз артылған ба, осы қастандықты өтірік, бұл арнайы қойылым деп ақылгөйсіп жатқан сарапшылар да бар. Құлағын оқ жалағанның белгісі байқалмайды, шишаның сынығы тиген немесе өзінің құлағына ине тығып қанатқан деген сөз жүр. Мұны криминалистикаға маманданған сарапшылар айтады. Дегенмен оқ атылды, ол құлағын жалап кетті деген пікір белең алып, бүгінде Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне үміткер ретіндегі абыройы асқақтап тұр. Кім білсін, арнайы қойылым болуының мүмкіндігі өте төмен, себебі екі ортада адам өлген, жарақат алғандар бар.

Қалай болғанда да, бұл оқиға Трампты президенттікке жақындата түсті. Ол ажалдан аман қалған қаһарман, табанды күрескер сияқты болып қалды. Сондықтан Америкадағы президент сайлауында оның бағы жанса керек. Өзі сексенге таяған америкалықтың өлермендігі таң қаларлық.

Өз кезегінде қазіргі президент Джо Байденнің ахуалы оңай емес. Оған президенттіктің аса күрделі кезеңі тап болды. Байден шамасы келсе әлі де тағы бір мерзім отырып, жағдайды түзесем деп жүрген. Ол әсіресе Украинаның тағдырына көп алаңдайтыны белгілі. Байден президент сайлауы өтетін алдағы қарашада 82 жасқа толады. Америкада ел басқаратын саясаткерлер жоқ па деген заңды сұрақ туындайды. Бірақ олардың жүйесінде партия аралық бәсеке бар, президенттікке үміткерлер күнібұрын регламенттен өткізілмеген болса керек. Сөйтіп, Америка жұрты үшін екіқарияның бетіне қарап отыруына тура келді. Демократтардан Байден, республикалықтардан Трамп. Америка қоғамы осы екі тұлғаға тіреліп қалды.

Трампқа оқ атылуы аса елеулі оқиға екені түсінікті. Соның артынша-ақ өткен республикалықтар партиясының съезінде оның үміткерлігі түпкілікті тиянақталды. Бұл кезде Илон Маск бастап, Американың ең бай деген адамдарының бірсыпырасы Трампты қолдауға көшіп кетті. Трамптың бұрын онша араласпай келген ұлы да әкесінің партия және сайлау ісіне білек сыбана кірісті. Енді Трамптың сайлану мүмкіндігі де, абыройы да, қолдаушылары да күрт артты.

Бұл жағдай демократтар партиясына ауыр тиді. Жалғыз үміткері Джо Байден Илон Маскқа өкпе артты. Ал жақында өткен НАТО саммитінде Байден адамдардың аттарын шатастырған. Сөзінде Украина президенті Зеленскийді Путин деп, ал өзінің вице-президенті Камала Харристі Трамп деп шатасты. Кейін мұны соңғы күндері көп ұшқанын, соның әсерінен сөзі жаңылысқанын айтып ақталғандай болды.

Джо Байденге өзінің партиясындағы жанашырларының ішінде  президенттікке үміткерлігіңізді доғарыңыз деп кеңес бергендер болды. Алғашында Байден оларды тыңдамады. Денсаулығым жарамай қалса ғана бас тартамын, жараса сайлауға түсемін деген. Сөйткен Байден бірер күн бұрын алдымен коронавирусқа шалдықтым деп жатып қалды. Ал артынша өзінің президент сайлауына үміткерлігін тоқтататынын мәлімдеді. Бірақ президенттік мерзімі біткенше отыра тұрады.

Осындай қым-қуыт оқиғалар болып жатыр. Демократтар партиясы бірталай күн әрі-сәрі күй кешіп сенделіп кеткен еді. Ақыры Байден  демократтар партиясы атынан президент сайлауына үміткерлікке өзінің осы күнгі вице-президенті Камала Харрис деген әйелді ұсынды. Партия Харристің кандидатурасына жақын күндері дауыс беруі тиіс. Сарапшылардың бірсыпырасы Камала Харристі суырылып тұрған жоқ, сайлауда Трампқа төтеп берерлік әлеуеті көрінбейді, бірсыдырғы адам деп баға беріп жатыр. Одан гөрі бұрынғы президент Барак Обаманың жұбайы Мишель Обаманы ұсынғаны дұрыс еді деген пікір бар. Мишель Обама ханымның іскерлігі мен табандылығын америкалықтар Барак Обаманың сайлау ісіне бел шеше араласқанынан көрген еді.

Алдағы қарашада өтетін сайлаудың қалай боларын кім білсін, бірақ Дональд Трамптың жұлдызы бұл жолы тағы да жанатын сияқты. Әйтеуір әлемде тыныштық орнатамын деп кеуде қағумен келеді. Ол тыныштықты қалай орнататынын әзірге айтқан жоқ. Ал Джо Байден өзінің президенттік мерзімі біткенге дейін Еуропа мен Украинаның қорғанысын мейлінше күшейтіп кетуге бекінгені айтылып жатыр.

Камала Харрис 59 жаста. Бұрын ол Калифорния штатының бас прокуроры қызметін атқарған, АҚШ Сенатының депутаты болған, өзі қара нәсілді әйел.

Қалай болғанда да, АҚШ президентінің сайлауында Дональд Трамптың асығы алшысынан тұратын сияқты. Олай болған күнде төңірегімізде тыныштық болғай.

«Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)