Солтүстік Кореяның балалар лагеріне Ресей оқушылары апарылды

23.07.2024, 12:33
761
Солтүстік Кореяның балалар лагеріне Ресей оқушылары апарылды ашық дереккөзден

Ресейден 250 оқушы Солтүстік Кореяға екі аптаға балалар лагеріне жіберілді.

КСРО мен Солтүстік Корея арасында әскери байланыстан бөлек гуманитарлық және мәдени қарым-қатынас та болған еді. Осы байланыстар қазіргі таңда Ресей мен Солтүстік Корея арасында қайта жандана бастады. Екі елдің көшбасшылары барыс-келісін жасап жатыр. Жақында ғана Ресейге миллиондаған снаряд пен ракета барды. Солтүстік Корея инженерлік әскер жібереміз деген.

Бұдан бөлек, кеңестік бұрынғы мәдени, гуманитарлық байланысты да қалпына келтіріле бастады. Соның көрінісі ретінде Ресейден 250 оқушы Солтүстік Кореяға екі аптаға балалар лагеріне жіберілді. Бұрын кеңестік «Артек» деген лагерь болған еді. Солтүстік Кореяда осы күні соған ұқсас «Сондовон» деген лагерь бар екен. 250 бала Ресейдің Сахалин, Мәскеу, Санкт-Петербург, Воронеж, Липецк, Орынбор облыстары мен Краснодар, Приморск және Красноярск өлкелерінен іріктеліпті.

«Сондовон» лагері Жапон теңізінің жағалауында орналасқан, айналасында қарағай орманы бар деп жатыр. Онда жағажай, бау-бақша, аквапарк, океанариум, спорт кешені, хайуанаттар бағы, кинотеатр және ойын алаңдарыбар көрінеді. Айтуларына қарағанда, лагерьде Ресей балалары екі елдіңдостығын нығайтатын іс-шараларға қатысып, теңізге шығып, тас жолға сурет салумен айналысады делінеді. «Корея күні», «Ресей күні», «Дарынды балалар сахнасы», «Достық кеші» деген сияқты іс-шаралар, концерттер, көрмелер, Пхеньянға экскурсиялар ұйымдастырылады, байқаулар өтеді. «Сондовон» лагері халықаралық мәртебеге ие екен. Лагерь 10 гектар жерге орналасқан. Онда Қытайдың, Бразилияның, Танзханияның, Пәкістанның, Вьетнамның, Нигерияның балаларын кездестіруге болады деп жатыр.

Әрине, Солтүстік Корея жабық мемлекет. Бұл елдің ішкі жағдайы жайлы мәлімет аз. Дегенмен там-тұмдап тараған мәліметтердің өзі ол жақтағы оқу-білім мен жастар саясатының қандай болып жатқанынан хабар береді.

Біріншіден, Солтүстік Кореяда бұрынғы кеңестік балалар және жастар ұйымдары бар. Жастар ұйымы Кимирсен Социалистік Жастар Одағының Орталық Комитеті деп аталады. Бұрынғы кеңестік комсомол ұйымына ұқсас. Бастауыш сыныптағылар 15 жасқа дейін кеңестік пионер ұйымы сияқты Балалар одағы деген ұйымға мүше болады, қызыл галстук тағады.

Балалар дайындық сыныбына төрт жастан қабылданып, бес жасынан бастауыш сыныпқа алынады. Бастауыш сынып алты жыл жалғасады. Оларда мектепте 12 жыл оқиды. 1950 жылдары білім негізі ретінде кеңестік оқу жүйесі енгізілген екен. Алайда 2012 жылы оқу жүйесі мен міндетті пәндерде өзгерістер жасалды. Мысалы, ағылшын, орыс тілі сабақтары көбейген, заманауи технологияларға байланысты жаңа пәндер қосылып, биология, физика, химия сияқты сабақтар алынып тасталған көрінеді. Ал көбірек оқытылатыны алғашқы әскери дайындық пәні екен. Дене шынықтыру сабақтарына да көп көңіл бөлінеді. Жауынгерлік өнер мен тирде мылтықтан атып үйрену міндетті пәндер тізіміне кірген.

Бір айта кетерлігі, ол жақта оқушыларға бірыңғай мектеп формасы кигізіледі. Мектеп формасы мемлекет тарапынан беріледі. Бірақ сапасы төмен деп жатыр. Форма шалғай елді мекендегі балаларға жетпей қалады, ал қалалар мен үлкен елді мекендерде міндетті түрде бірдей форма киеді. Білім сапасы жоғары деп танылған мектеп Пхеньянда төртеу екен. Бұл мектепке арнайы емтиханнан өткендерді ғана қабылдайды. Ол жақта репетиторлық қызмет көрсету кеңінен тараған, себебі баласын әлгі төрт мектептің біріне бергісі келетін ата-ана көп. Репетиторға айына 10-30 доллардың аралығында  төлейді. Ал орташа жалақы оларда 50 доллар.

Білім бағдарламасында саяси үгіт-насихатпен байланысты коммунистік мораль, коммунистік партияның саясаты, Ұлы Ким Ир Сеннің өмірі деген сияқты пәндер бар.

Балабақшада Солтүстік Кореяның жауларын келемеждейтін өлеңдерайтылады. Сәбилер ойыншық автоматтардан атады, конструктордан ядролық зымырандарды құрастырады, танктер мен әскери кемелердің суретін салады.   Қолдан жасалған америкалық сарбаздарды ұрып-соғады. Саяси үгіт-насихат сабақтары бастауыш сыныптарда аптасына 2 рет, орта сыныптарда — 6 рет өткізіліп тұрады.  Балаларды жас кезінен темірдей тәртіпке баулиды.

Қысқасы, бұл екі елдің араласуы мен алыс-берісі күн өткен сайын артып жатыр. Солтүстік Корея тұрғындарының өмірі біздің елдеріміз бастан кешкен кеңестік заман өміріне ұқсас.

КСРО мен Солтүстік Корея арасында 1961 жылы әскери әріптестік туралы келісім жасалған екен. Осыған ұқсас келісім Ресей мен Солтүстік Корея арасында 2000 жылы жасалды. Дәстүр осылай жаңғыртылды. Ресейдің Украинадағы соғысын Солтүстік Корея ашық түрде қолдап отыр.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)