«Тағы 10 әйелден сүйінші хабар күтіп отырмыз»: Ләйлә Сұлтанқызы 31 ананың сәбилі болуына қалай көмектескенін айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
23.07.2024, 13:51
1140
«Тағы 10 әйелден сүйінші хабар күтіп отырмыз»: Ләйлә Сұлтанқызы 31 ананың сәбилі болуына қалай көмектескенін айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Ләйлә Сұлтанқызы жасанды ұрықтану арқылы сәби сүйген аналарды көрсетті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде "Ана болғым келеді" хабарының соңғы бөлімі шықса да, өзі негізін қалған “Mariyam” қайырымдылық қоры жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін айтты. 

"Ертең "Ана болғым келеді" хабарының соңғы бөлімі шығады. Бірақ, "Mariyam" қайырымдылық қоры жұмысын әрі қарай жалғастырады. Біздің мақсатымыз – балалы болуды армандап жүрген, "Аңсаған сәби" мемлекеттік квотасын түрлі себептерге байланысты ала алмайтын отбасыларға ЭКО арқылы көмектесу. Егер де сіз көптен бері балалы бола алмай жүрсеңіз, біздің ресми сайтымызға (mariyamfund.kz) кіріп, анкета толтырыңыз. Қорға келген әр хат қамқоршылық кеңесінің отырысында қаралып, талқыланады. Ал егер,  сауапты іс жасап, бір баланың дүниеге келуіне себепкер боламын десеңіз, қаражат аудара аласыз", – деп хабарландыру жасады журналист. 

Тележурналист өзі жүргізген бағдарлама арқылы 31 әйелдің сәби сүюіне ықпал еткенін және 10 пациенттен сүйінші хабар күтіп отырғанын жеткізді. 

“31 әйел, 31 тағдыр. Барлығы тағдырлас болғанымен, жүріп өткен жолдары әртүрлі. Мойымайтын, өмірдің сынағына сынбайтын біздің сүйікті пациенттеріміз. Біздің мақсатымыз – пациенттеріміздің аңсаған сәбилерін қолдарына алуы. Шүкір, бүгінде 11 сәби дүниеге келді: 5 қыз, 6 ұл бала. Тағы 10 анамыздан сүйінші хабар күтіп отырмыз. Қалған пациенттеріміз ЭКО бағдарламаға дайындалып жатыр. Мұның барлығы – ортақ жеңіс. Сіздердің қолдауларыңыз, пациенттеріміздің қайсарлығы және дәрігерлеріміздің біліктілігінің арқасында әлі талай отбасыларға үміт отын сыйлауға ниеттіміз", – деп жазды ол. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді