«Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін»: Сара Тоқтамысова туған ауылына мешіт салып берді

Аиса Махамбет Редактор
23.07.2024, 15:15
1638
«Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін»: Сара Тоқтамысова туған ауылына мешіт салып берді жеке парақшасынан

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің туған өңірі Абай облысы, Аққала ауылына мешіт салып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі идеяны ұсынған жолдасы екенін айтты. Одан кейін өнердегі аға-әпкелері мен достары да көмектерін берген. 

“Көңілім босап отыр. Ауылға жеттік. Құрылыстан кейінгі мешіті өзім де бірінші рет көріп отырмын. Бір бұрышында отырып, жылап қалдым. Алла қасиетті үйіңді салғызуға мүмкіндік бергеніңе, шүкір! Мейірімді Алла кішкентай арманымды орындағаныңа шүкір! Ешқашан азан үні естілмеген ауылымнан күмбезін жарқыратып мешіт соғуға себепкер қылғаныңа шүкір. Отағасы Есіліме мың алғыс. Ең бірінші сол кісіден туған ұсыныс. Төбемде Алла көріп тұр. Еліңнің батасын алдың, ата-анаң да осы ауылдан шықты. Біздің ауылдарда қос-қостан мешіт бар. Сенің ауылыңа бір мешіт бастайық, өз ретімен болады” деген жан-жарымның сөздері одан сайын шабыт берді”, – деп жазды ақын. 

Сонымен қатар айтыскер ақын мешіттің ашылу салтанатын Ақсуат өңірінде болып жатқан дүбірлі тоймен бірге жасауға қарсы болған.

“Ақсуатта 3 күн қатарынан дүбірлі той өтіпті. “Мешіттің ашылуын тура осы күндерге қояйық, сырттан келетін әнші-ақындар көріп кетеді”деген ақылшылар көп болды. Бас тарттым. Себебі мешітті мақтану үшін, мақтан үшін ашып жатқанымыз жоқ. Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін.

Менің ниетім ауылым қуанса болды. Мешіт салынған жерге Алла береке беріп қояды дейді. Ауылым берекелі ауылға айналса екен деп армандаймын . Ниетім осы мешітті ашып берсек, балалар намаз үйренсе екен деймін. Үлкендер құбыланы тауып, иманға жақындаса деймін. Дәл жолдың бойында орналасқан. Өткен-кеткен жолаушы маңдайын сәждеге тигізсе деймін”, – деп жан сырын ақтарды айтыскер. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды