40 градусқа дейін аптап ыстық: синоптиктер бірнеше өңірде қауіпке қатысты ескерту жариялады

24.07.2024, 09:00
384
40 градусқа дейін аптап ыстық: синоптиктер бірнеше өңірде қауіпке қатысты ескерту жариялады ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК ертең, 24 шілдеде 40 градусқа дейін аптап ыстыққа байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматыда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Павлодар облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталыгында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, 25 шілдеде басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 24-25 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

«Қапастан шықса да, қанаты сынбаған»: Мұхамеджан Тазабек абақтыдан босаған Мұрат Әбділдаға қолдау білдірді 17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндыз адам танымастай өзгерді «Жансақтау бөлімінде жаттым»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануға қатысты сұрақтарға жауап берді «Үйінде ұрып, боқтады»: 15 жастағы қыз өзін 20-дағы баланың қалай зорлағанын айтты Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді «Жамбасы сынса да, жеті сағат бойы концерт көрген»: Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің ерекше жанкүйерінің оқиғасын бөлісті (ВИДЕО) «Адамның бетіне былш еткізеді»: Мақпал Исабекова жеке өмірін сұрайтындарға ренжіді «Менің қорғаушыларым қобалжулы»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады Алматы облысында 10 сыныпта оқитын қызды құрдастары соққыға жығып, видеоға түсірген: Мектеп басшылығы шара қолданбаған (видео) Жаңа қазақстандық комедияның тұсауы кесілмек Қазақстанда мұсылманша ипотека бағдарламасын енгізу ұсынылды Оралдағы мұғалімді қатыгездікпен өлтірген: Сот Темір Сәрсеновке үкім шығарды «124 метрлік биік ғимараттың төбесіндеміз»: Дина Төреәлі 10 айға толған ұлына ерекше кеш ұйымдастырды TikTok-тағы #ГидПоКазахстану: пайдаланушылар саяхат туралы 24 мың бейнеролик жасады «Бес жас үлкен жігіт зорлады»: 15 жастағы қазақстандық қыз өзін күшпен тұрмысқа бергенін мәлімдеді Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың ағасына 16 млн теңге ақша береді Қазақстан құрамасы робототехникадан әлемдік олимпиадаға қатысады Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі Оскарға ұсынылды Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады «1000 донер тегін таратылады»: астаналықтар тегін донер үшін төрт көшені жауып тастады