«Ит емеспін, ондай тексіз адам емеспін»: Азамат Сатыбалды өзіне жала жапқандар кім екенін айтты

24.07.2024, 09:25
1674
«Ит емеспін, ондай тексіз адам емеспін»: Азамат Сатыбалды өзіне жала жапқандар кім екенін айтты жеке парақшасынан

Олар дәл сол күні шоу жасауына себеп – ақша мен қызметке талас дейді Қазақфильмнің президенті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Азамат Сатыбалды қол астындағы қызметкерлермен қашанда мәміле жасауға дайын екенін айтты.

«Менің отбасым бар, ұл тәрбиелеп отырмын. Қалтамда ақша болып, «Қазақфильмде» ақша болып тұрып, соны қызметкелерге бермей, зар еңіретіп қоятындай ит емеспін, ондай тексіз адам емеспін. Мен ашық адаммын, күнде болмаса да олармен кездесіп тұрамын. Еш уақытта біреуі алдыма келіп, кірмей кеткен емес. Кез-келген уақытта маған кере алады, отырып сөйлесе аламын. Мен оны дәлелдеп те бере алам. «Азамат Сатыбалды, шық!» деп айқайлайтындай деңгейдегі адам емеспін. 

Олар неге бұлай шоу жасады, мен білмеймін. Кез-келген уақытта кіре алатын адамдар еді ғой. Мен тура сол күні әкімдікте болғам. Телефонымды сөндіріп тастап кеткем. Бір кабинеттен екінші кабинетке кіріп жатқанда әкімнің орынбасары болған жағдайды айтты. Тез-тез шаруаны бітіп келсем, бәрі кетіп қалыпты», - деді актер. 

Азамат Сатыбалдының айтуынша, «Қазақфильм» қызметкерлерінің бұлай көтерілуінің астарында әлдекімдердің қызметтік мүддесі тұрған көрінеді.

«Неге бұл жағдай көктемде емес, басқа күні емес, неге тап сол күні ұйымдастырылды, білесіз бе? Өйткені 12-шілдеде бұйрық шығып, «Қазақанимацияның» жұмысына жоғарыдан қаржы түсетінін, жұмысы басталатынын барлығы білді. Аттарын айтпай-ақ қояйын, екі адам «Қазақфильмге» келді, оған барлық дәлел бар. Біріншісі «Қазақанимация» басталады екен, маған мына қызметті бер» деп сұрады. Біз оған келіспедік. «Конкурс арқылы аламыз, олай болмайды» дедік. Сол жерде айқай шығарып, балағаттап, қызметкерлермен ерегісіп, ақырында күзетпен қуып шықтық. «Мен сендерге көрсетем» деп сес көрсеткен. 

Екіншісі де «Маған мына қызметті бер» деп сұрады. Оған да түсіндіріп айтқанбыз. «Онда маған ренжімеңдер» деп кеткен. Ертесі күні қызметкерлер әлгіндей жағдаймен көшеге шықты. Айқайлап жүрген адамдарға «Қазақфильм» де, «Қазақанимация» да керек емес, оларға басқа нәрсе керек, сол үшін шырылдап жүр. Мен олардың «Қазақфильмді» майшелпек қылып сорып отыруына жол бере алмаймын, бар кінәм – осы», - деді Азамат Сатыбалды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды